01.04.2015, 22:16 3768

Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскерлер парадына 180-нен астам әскери қызметші қыз-келіншектер қатысады

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметші қыз-келіншектері Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында өтетін әскерлер парадына ерекше көрік береді. Жалпы саны 186 парадқа қатысушы қыз-келіншек іріктеліп алынды

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметші қыз-келіншектері Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында өтетін әскерлер парадына ерекше көрік береді. Жалпы саны 186 парадқа қатысушы қыз-келіншек іріктеліп алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ ішінде 32 әскери қызметші санитарлық нұсқаушы үлгісінде киініп, парадтыӊ ҰОС кезеӊіндегі тарихи бөліміндегі рота құрамында болса, ал қалған 154 әскери қызметші парадтыӊ қазіргі заманғы бөлімінде алаӊда қазақстандық әскери жоғарғы оқу орындарыныӊ курсанттарынан кейін жеке жаяу сапен адымдайтын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искери қыз-келіншектер Қазақстанныӊ төрт өӊірлік қолбасшылығынан, Қарулы Күштердіӊ барлық түрлері мен әскер тектерініӊ әскери бөлімдерінен, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігініӊ орталық аппаратынан жиналған.

Осы уақытқа дейін әскери қызметшілер жеке-жеке жаттықты. Олар жергілікті жерлерде саптық жарғыға сәйкес сап құрамында бірыӊғай қарқын мен ырғақты, сап түзулігін сақтай отырып, жинақы және серпінді адымдауға дайындалды. Қазір олар бір лекте бірлескен жаттығуға кірісуге дайын.

Даярлық барысында қатысушылар қажу-шаршау секілді қиыншылықтарды жеӊе отырып, беріктік, төзімділік қасиеттерін көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны