11.09.2017, 12:26 4491

Жыл басынан бері Ақмола облысында 4 мыӊ отбасы шаӊырақ көтеріп, 8 мыӊнан астам нәресте дүниеге келді

Облыста көп балалы отбасылардыӊ саны 4 мыӊ, ал, көп балалы аналардыӊ саны 8106 адамды құрайды. 137 бала патронаттық тәрбиеде болса, 1483 бала өзге отбасылардыӊ қамқорлығына алынған.

Көкшетау. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2013 жылы шыққан Жарлығымен қыркүйек айыныӊ екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде атап өтілетіні мәлім. Осыған орай, өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен салтанатты шарада Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ бөлім басшысы Серік Сәдуақасов отбасы қоғамныӊ негізгі тұғыры екенін айта келе, өз балаларына ғана емес, бауырына басқан балаларға да жылу сыйлап, алақандарына салып, аялап отырған ата-аналарға зор ризашылығын жеткізді.

Күн сайын елімізде мыӊнан астам бала дүниеге келіп, бұл көрсеткіш жылына 400 мыӊға жуықтап қалады.

Жыл басынан бері Ақмола облысында 4 мыӊ отбасы шаӊырақ көтеріп, 8 мыӊнан астам нәресте дүние есігін ашқан. Облыста көп балалы отбасылардыӊ саны 4 мыӊ, ал, көп балалы аналардыӊ саны 8106 адамды құрайды. 137 бала патронаттық тәрбиеде болса, 1483 бала өзге отбасылардыӊ қамқорлығына алынған. Шара барысында отбасы қамқорлығынсыз қалған балаларды қанаттарыныӊ астына алып, әке орнына әке, ана орнына ана болып отырған Вжесневский, Жұмабековтар, Құлмановтар, Евтушенко, Нұрғазиновтар, Давыдовтар отбасыларына облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ атынан Алғыс хаттар мен "Ана үйі" қоғамдық қорыныӊ естелік сыйлықтары табыс етілді. Айта кетейік, отағасы Дмитрий мен отанасы Елена Вжесневкийлер өздерініӊ туған бес баласы бола тұра, үш баланы асырап алған. Бүгінде олар сегіз баланыӊ ата-анасымыз деп өздерін бақытты санайды. Ал, Евтушенколар отбасы Кристина есімді қыздарын сонау Өскемен қаласынан асырап алған екен. Жұмабековтар отбасын да осы күні көпшілік тек жақсы жағынан айтып жүреді. Олардыӊ жетім балаларға жасаған жақсылықтары жан сүйсінтеді. Рашит пен Құралай Жұмабековтардыӊ өз кіндіктерінен туған бес баласы бар. Енді олар кәмелет жасқа толмаған Татьяна, Альбина, Андрей және Максим есімді бүлдіршіндерді ата- ана мейіріміне бөлеп, туғанындай көруде. Шараға жиналғандар бала асырап алған отбасылар туралы бейнебаянды көріп, музыкалық ән шашуға құлақ түрді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны