11.07.2016, 15:32 3881

Жыл басынан бері еліміздіӊ көлік полицейлері 31 000-нан аса құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

Баяндамашыныӊ айтуынша, заӊсыз есірткі айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша да бірқатар қомақты шаралар жүзеге асырылған. Көліктегі ІІД аумақтық бөліністері күштерініӊ көмегімен есірткі заттарыныӊ заӊсыз айналымына қатысты 233 факт анықталды, оныӊ ішінде 169 факт есірткі заттарын сақтау бойынша. 9 есірткі тасымалдаушы құрықталды. Есірткініӊ заӊсыз айналымынан 600 келіден аса түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-де департамент бастығы полиция полковнигі А.Ж. Қабыловтыӊ төрағалық етуімен ведомствоныӊ 2016 жылғы 6 айда атқарған жұмыстары бойынша жедел кеӊес өтті. Басқосу барысында көліктегі ішкі істер органдарыныӊ басым бағыттары, оныӊ ішінде қылмыспен күрес, оныӊ алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір бөліністерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту бойынша мәселелер қаралды. Кеӊеске департаменттіӊ басшылық құрамы мен желілік бөліністердіӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Басқосуды ашқан департамент бастығы полиция полковнигі Аманжол Жайғалиұлы Қабылов республиканыӊ темір жол және әуе көлігі нысандарындағы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басты назар аударды. Департаменттіӊ жеке құрамы барша күштер мен құралдарды қылмыспен күреске және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдыру қажет екендігін нықтап айтты. Баяндама жасаған Көліктегі ІІД бастығыныӊ бірінші орынбасары полиция полковнигі Ербол Бекенов жыл басынан бері көлік сақшыларымен департаменттіӊ қызмет көрсету аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын атап өтті. "Соныӊ нәтижесінде есепті кезеӊ ішінде қылмыстар санын 8,3%-ға, оныӊ ішінде ауыр қылмыстар 6,5%-ға, ұрлық 11,4%-ға, бұзақылық 22,5%-ға және алаяқтық 25,8%-ға төмендетуге қол жеткіздік. Үстіміздегі жылдыӊ 6 айында барлығы 1511 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелсе, оныӊ 490-ы қылмыстық теріс қылықтар. Жалпы қылмыстардыӊ ашылуы 71,9%-ды құрады", - деп атап өтті Е. Бекенов.

Баяндамашыныӊ айтуынша, заӊсыз есірткі айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша да бірқатар қомақты шаралар жүзеге асырылған. Көліктегі ІІД аумақтық бөліністері күштерініӊ көмегімен есірткі заттарыныӊ заӊсыз айналымына қатысты 233 факт анықталды, оныӊ ішінде 169 факт есірткі заттарын сақтау бойынша. 9 есірткі тасымалдаушы құрықталды. Есірткініӊ заӊсыз айналымынан 600 келіден аса түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Мемлекет басшысыныӊ ұсақ құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілікті" қағидаттарын жүзеге асыру бойынша тапсырмаларын орындауда мақсатты профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Соныӊ нәтижесінде 31 522 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заӊнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2108 шетелдік тартылды.

Жиын соӊында А. Қабылов желілік бөліністердіӊ басшыларына қылмыстарды ашу мен анықтау бойынша, сыбайлас жемқорлық бағытында, сондай-ақ ұйымдасқан топтар құрамында орын алған қылмыстарды, заӊсыз есірткі мен қару-жарақ айналымыныӊ алдын алу, жеке заттар ұрлығын ашу және алдын алу, жүк поездарындағы ұрлықтыӊ жолын кесу, жедел қызмет көрсетудіӊ барлық объектілерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны