10.06.2008, 13:41 2566

Жыл сайын ВИЧ пен туберкулездің тіркесінен 250 мың адам көз жұмады - БҰҰ

Жыл сайын ВИЧ пен туберкулездің тіркесінен 250 мың адам көз жұмады - БҰҰ

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жыл сайын ВИЧ пен туберкулездің тіркесе жұғуынан 250 мың адам көз жұмады. Бұл жайттан БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас пәтерінде өткен ВИЧ/туберкулез проблемасы бойынша лидерлердің ғаламдық форумы барысында жария етілген БҰҰ мәліметтері хабар береді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Туберкулез - ВИЧ індетін жұқтырғандарды өлімге жетелейтін басты инфекция. БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, жыл сайын осынау қатерлі тіркес 250 мың адамның өмірін жалмайды. Бұл Африкада ВИЧ індетімен тұратын адамдарды өлімге душар ететін бірінші себеп.

ВИЧ пен туберкулездің бір-бірімен байланысы соншалықты, оларды бірін-бірі ынталандыратын және күшейте түсетін егіз эпидемиялар деп атайды. ВИЧ адам ағзасындағы латентті туберкулезді қоздырса, ол бұдан кейін жұқпалылық сипатқа көшіп, әріқарай басқа адамдарға жұғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны