09.04.2013, 15:20 3173

Жыл соңына қарай Алматыда мембағдарламамен мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

Бірінші кезекте жалпы аумағы 118 625,07 шаршы метр болатын 2 376 пәтерлі 33 көпқабатты тұрғын үй салынады. Олардың ішінде 2013 жылдың желтоқсанында 61 129,0 шаршы метрдің баспанасы пайдалануға беріледі.

Алматы. 9-сәуір. Kazakhstan Today - 2013 жылдың соңына қарай Алматыда "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазіргі уақытта "Асыл Арман" тұрғын үй кешені бірінші кезеңінің құрылысы басталады",- деп жазылған хабарламада.

Бірінші кезекте жалпы аумағы 118 625,07 шаршы метр болатын 2 376 пәтерлі 33 көпқабатты тұрғын үй салынады. Олардың ішінде 2013 жылдың желтоқсанында 61 129,0 шаршы метрдің баспанасы пайдалануға беріледі.

Кешендегі 1,2 және 3 бөлмелі пәтердің ауданы 33-65 шаршы метрден болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны