10.07.2015, 18:34 3613

Жылуға төленген ақша тұтынушыларға қайтарылатын болады - ҚР ҰЭМ

Өткен жылыту кезеӊі үшін (2014 - 2015 жылдар) тұтынушыларға ақша қайтарылады, себебі "жылы" қыс жағдайында жылу шығыны болжамды (есептік) шығыннан едәуір аз болды.

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР ЭҰМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тұтынушыларға жылу құнын қайта есептеуді жүргізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қайта есептеу жыл сайын жылыту маусымыныӊ қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жылуға арналған тариф, оныӊ ішінде "көше" температурасы болжамыныӊ негізінде жылудыӊ жоспарланған көлемінен шыға келе қалыптастырылатынына байланысты", - деп хабарлады ведомство, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Өткен жылыту кезеӊі үшін (2014 - 2015 жылдар) тұтынушыларға ақша қайтарылады, себебі "жылы" қыс жағдайында жылу шығыны болжамды (есептік) шығыннан едәуір аз болды.

Тұтастай алғанда, жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 963,5 млн. теӊге сомасында ақшалай сома қайтарылады:

Тұтынушылар өз тұрғын үйі алаӊыныӊ жалпы көлемін м2 үшін жылу құнына (3-бағанныӊ деректері) көбейту арқылы өз бетінше есептей алады.

Мысалы, Ақмола облысында алаӊы 52 ш.м. пәтер иесіне шамамен 750 теӊге (52 х 14.3 = 743,6) қайтарылатын болады.

Жылу энергиясына ақы төлеуді қайта есептеу келесі 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымыныӊ басында жүзеге асырылады. Ирбір тұтынушы өзініӊ коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртегінде қайтарылған соманы "көретін болады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны