06.04.2015, 19:56 3931

Жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автобуста 65 адам, соныӊ ішінде бір жүкті әйел болған

Орал. 6 сәуір. Kazakhstan Today - 6 сәуір күні сағат 07.19-да "Самара-Шымкент" күре жолы бойында Сырым ауданы аумағындағы Алғабас ауылы тұсында Өзбекстаннан Ресей Федерациясына бара жатқан автобустыӊ аударылғаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автобуста 65 адам, соныӊ ішінде бір жүкті әйел болған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиға орнына 5 реанимобиль, 5 жедел жәрдем көлігі, санитарлық авиация шұғыл жіберілді. Апат болған жерде реаниматолог, хирург, фельдшер жұмыс жасады.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 16 адам түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілсе, соныӊ екеуі ауыр халде. Төрт адам қаза болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны