23.01.2015, 11:04 4110

Жұма күні Қазақстанда боран соғып, аяз көтеріледі

Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек республиканыӊ батысында күн ашық болады деп күтілуде. Еліміздіӊ барлық өӊірінде және шеткі солтүстік аймақтарында дабылды ескерту жарияланған

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек республиканыӊ батысында күн ашық болады деп күтілуде. Еліміздіӊ барлық өӊірінде және шеткі солтүстік аймақтарында дабылды ескерту жарияланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтсақ, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында бұрқасындатып, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады деп болжанған. Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Маӊғыстау, Атырау, күндіз Оӊтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасындатып, түнде желдіӊ күші 15-20 м/с-ке дейін барады, Қостанай облысында түнде тұман түседі, таӊертеӊ бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұған қоса, Қазақстанныӊ барлық облысында дабылды ескерту жарияланды. 23-25 қаӊтар күндері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маӊғыстау облыстарында ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 29-34 градусқа дейін төмендейді.

23 қаӊтар күні түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, 22-24 қаӊтарда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, бұрқасындатады, оӊтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады. 23-27 қаӊтар аралығында түнде сынап бағанасы 22-27, кей жерлерде 34, 30-35 градусқа дейін төмен төмендейді, кей жерлерде 38 градус аяз болады.

24 қаӊтар күні Оӊтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын (қар аралас жаӊбар) болады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Оӊтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. 24-27 қаӊтарда ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 15-20 градус аязды көрсетеді, кей жерлерде тіпті 23-28 градусқа дейін суық болады.

24-26 қаӊтар аралығында Қызылорда облысында сынап бағанасы түнде 17-22, кей жерлерде 25-30 градусқа дейін төмендейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны