11.12.2012, 12:43 3056

Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй жинақ құрылыс жүйесі арқылы жатақхана берілетін болады

"Жатақханада тұру үшін ең бастысы, оның еңбек келісімшарты немесе Жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарты, сондай-ақ тұрғын үй жинақ құрылысы жүйесіне қатысуы шарт. Қатысушы жатақханада 5 жыл тұра алады және осы кезеңде ол жеңілдікті шарттармен баспана алуға ақша жинақтай алады", - деді С.Ибденов.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасының аясында жастарды жатақханамен қамтамасыз ету ұсынылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов бүгінгі Үкімет отырысында мәлім етті.

"Жатақханада тұру үшін ең бастысы, оның еңбек келісімшарты немесе Жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарты, сондай-ақ тұрғын үй жинақ құрылысы жүйесіне қатысуы шарт. Қатысушы жатақханада 5 жыл тұра алады және осы кезеңде ол жеңілдікті шарттармен баспана алуға ақша жинақтай алады", - деді С.Ибденов.

Министр сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы қызмет баспаналары салынатынын айтты.

"2013 жылы пилоттық өңірлерде жұмыс берушілердің қатысуымен құрылыстарды бастау және қызмет баспаналарына адамдарды жайғастыру жоспарлануда. Жұмыс берушілер қатысушыларды міндетті жұмыспен қамтамасыз ете отырып, соманың 10% тең қаржыландыруы керек", - деді ведомство басшысы өз сөзінде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша соңғы екі жылда экономикалық өсу нүктелеріне еліміздің 2 мыңға жуық азаматы қоныс аударған және жұмысқа тұрған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны