04.05.2016, 12:51 3888

Жүргізушілер айыппұлды POS-терминал арқылы төлей алады

Елордада әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған жылжымалы POS-терминалдар таныстырылды. Аталған жүйе барлық банктік карталарды қабылдайды және елордалық көлік әуесқойлары айыппұлды сол жерде төлей алатын болды

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Елордада әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған жылжымалы POS-терминалдар таныстырылды. Аталған жүйе барлық банктік карталарды қабылдайды және елордалық көлік әуесқойлары айыппұлды сол жерде төлей алатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанда аналогы жоқ қызмет азаматтарға қолайлы болуы үшін жасалған, өйткені, кез келген жүргізуші ұсақ құқық бұзушылық жасауы мүмкін. Айыппұл төлеу процедурасын жеӊілдету үшін POS-терминалдардыӊ жаӊа үлгілері сатып алынды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Бүгінгі таӊда полиция қызметкерлері оқудан өтті және қазірдіӊ өзінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сол жерде айыппұл төлеу үшін 30 POS-терминал пайдаланылып жатыр. Бұл пилоттық жоба тек Астанада ғана қолға алынған, - деді Астана қаласы ІІД Икімшілік полиция басқармасы автоматтандыру және электрондық қызметтер бөлімініӊ басшысы Нұржан Иділов.

Алғашқы жеті күнніӊ ішінде сол жерде айыппұл төлейтін жүргізушіге 50% жеӊілдік жасалады. Терминал арқылы төлегені үшін комиссия мөлшері айыппұл сомасыныӊ 1,5% құрайды. Егер айыппұл мөлшері 5,250 теӊге болса, 79 теӊге комиссия алынады.

POS-терминалдар сырттай сенсорлы телефондарға ұқсайды. Оларды пайдалану оӊай - хаттаманыӊ номері мен айыппұл мөлшерін енгізу керек, ал басып шығарған кезде комиссия мөлшері көрсетіледі. Терминалдарды зарядтаудыӊ қажеті жоқ, күн соӊында олар нәтижелерді санайды, сондай-ақ, қанша чек лентасы қалғаны туралы алдын ала ескертеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны