28.04.2018, 12:43 9010

Жүз оқулық аударманыӊ үздік үлгісіне айналуы тиіс

"Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы - жастарға тыӊ серпін беретін басым бағыттардыӊ бірі. Оныӊ жастардыӊ гуманитарлық білімге деген қызығушылығын арттыра түсері анық.

Алматы. 28 сәуір. KazakhstanToday - Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында әлемніӊ үздік 100 оқулығыныӊ қазақ тілінде шығуы бес-алты жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайтынын айтып, уақытты өткізіп алмай таӊдаулы үлгілерді алып, оларды қазақ тіліне аудара бастау керектігін атап өткен болатын. Соған сай, "Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы қолға алынып, Елбасыныӊ әлемдік таӊдаулы оқулықтарды аудару арқылы жастарға білім алуға мүмкіндік туғызу жөніндегі сындарлы саясаты мен ерекше бастамасын орындау ісі кеӊ көлемде атқарыла бастады.

Жасыратыны жоқ, соӊғы жылдары тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану сияқты дербес салаларға қатысты түрлі пікірлер қалыптасты, түрлі көзқарастар айтыла бастады. Алайда, Елбасыныӊ тікелей бастамасы бұл түсініспеушіліктерге нүкте қойды, атқарылуы тиіс нақты міндеттемелерді анықтап берді. Жаһандық деӊгейде бәсекеге қабілетті ел болуда гуманитарлық білімдердіӊ алатын орны зор екенін, ол үшін сапалы оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердегі маӊызды ақпаратты шет тілдердегі түпнұсқадан алу қажеттігі жайлы бастама көтеріп, ғылыми қауымдастыққа бағыт-бағдар көрсетті. Енді осы игі бастамаға бүкіл ел болып атсалысып, қолдау білдіруіміз қажет.

"Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы - жастарға тыӊ серпін беретін басым бағыттардыӊ бірі. Оныӊ жастардыӊ гуманитарлық білімге деген қызығушылығын арттыра түсері анық. Аталмыш жоба аясында аударылып жатқан оқулықтардыӊ басым көпшілігініӊ орыс тілінде жарық көрмей, тікелей ағылшын немесе француз тілінен қазақ тіліне тәржімаланатыны - өте құптарлық іс және бұрын-соӊды болмаған баламасы жоқ ерекше жоба.

Мемлекеттік деӊгейдегі маӊызды жобаныӊ беделі кешенді жұмыстыӊ нәтижесіне, аудармашылардыӊ өресіне тікелей байланысты екені белгілі. Олай болса, 100 оқулықтыӊ аударманыӊ үздік үлгісіне айналуы тіліміздіӊ жаӊа тынысын ашып, қазақ аударма мектебін қалыптастырады және ғылыми-академиялық әдебиетті аудару ісін өркениетті жаӊа сатыға көтереді дегенге кәміл сенеміз.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 12 сессиясында: "Қазақстандықтардыӊ жас ұрпағы кем дегенде, үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меӊгерулері қажет" екендігін де атап өткен болатын.

Осы тұрғыдан алып қарар болсақ, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде қазақ-ағылшын-орыс тілдерінде қатар білім беруге қатысты ауыз толтырып айтарлықтай бірқатар іс-шара атқарылуда. Аталмыш оқу орнында шет тілін оқыту мен аударма ісі бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеӊесі жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін кеӊестіӊ шешімімен аударма саласы бойынша көптеген еӊбек, сөздіктер жарық көрді. Университетіміз Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемніӊ бес тілінде үш тілдік сөздіктер мен тілашарлар дайындаған республикадағы бір ғана оқу орны.

Оқулық оқыған адамға түсінікті болуы қажет

Қазақ, орыс тілдерімен қатар, ағылшын тілінде де дәрістер, ғылыми монографиялар дайындалуда. Солардыӊ ішінде университетіміздіӊ ректоры, ҚР ҰҒА академигі С.Құнанбаеваныӊ "The Modernіzatіon of Foreіgn Language Educatіon: The Lіnguacultural-Communіcatіve Approach" (Kunanbaeva S.S. Hertfordshіre Press, 2013), "Strategіc Guіdelіnes for Hіgher Foreіgn Language Educatіon" (Kunanbaeva S.S. Cambrіdge Іnternatіonal Press", 2017) сияқты Ұлыбританияда жарық көріп, бірқатар елдерге таралған, басқа елдер тарапынан аса жоғары сұранысқа ие болып отырған монографияларын айтуға болады. Олар білім беру саласында Brіtіsh Lіbrary Catalogue іn Publіcatіon Data каталогына енгізілген еліміздегі алғашқы еӊбектер. Аталмыш монографиялардыӊ шет тілін үйренгісі келетіндер мен аударма кәсібін игергісі келетіндер үшін, жалпы білім беру саласын реформалау мәселесінде берері көп. Айталық, "Strategіc Guіdelіnes for Hіgher Foreіgn Language Educatіon" деп аталатын монографиясында автор қазіргі кәсіби жоғары білім беру парадигмасын жетілдіру жолдары жайлы айта келіп, нақты концептілер мен модельдер ұсынады. Кәсіби білім беруде аса маӊызды болып табылатын индустриалды-технологиялық бағыт, әлеуметтік-гуманитарлық бағыт, іскерлік-экономикалық бағыттарды кеӊінен тарқатып айтып, ЖОО-ларда ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудыӊ қыр-сырын нақты анықтап береді. Атап айтсақ, "аударманыӊ танымдық концепциясы", ғылыми-теориялық платформа, аударматанудыӊ ғылыми-теориялық негізі, аударманыӊ теориялық-функционалдық классификациясы сияқты мәселелер қазақстандық аударма теориясы саласында алғаш рет аталмыш еӊбектерде зерттеліп отыр.

Тағы бір айтып өткім келетіні, университетіміздіӊ бірқатар философ мамандары, лингвистері "100 оқулық" жобасына сарапшы, ғылыми редактор, аудармашы ретінде белсене атсалысып жүр. Олар аударысқан оқулықтар Елбасы тұсауын кескен 18 кітаптыӊ алғашқылары болып баспадан шықты.

Алайда, университет тек осы кітаптарды жазып аударумен ғана шектеліп отыр деген ой тумауы керек. Осылайша біз өзімізге ғана емес, республиканыӊ барлық оқу орындарына теоретик мамандарды дайындау ісін жолға қойып отырмыз және Елбасыныӊ алдымызға қойған міндеттемелерін өз деӊгейімізде орындауға атсалысудамыз. Біз университет деӊгейінде қазақ, орыс бөліміне арнап, университетімізде оқытылатын әлемніӊ 9 тілінде басылған маӊдайалды кітаптарды түпнұсқада пайдаланудамыз. Олардыӊ қатарында Стивен Пинкердіӊ "The Language Іnstіnct: How the Mіnd Creates Language", Б.Шордыӊ "Culture Mіnd: Cognіtіon, culture and the Problem of Meanіng", П.Ньюмарктыӊ "Paragraphs on Translatіon", Эндрью Р. Смиттіӊ "Communіcology for the Human Scіences: Lanіgan and the Phіlosophy of Communіcatіon", Х.Андерстіӊ "Medіa & Communіcatіon Research Methods" және т.б. көптеген еӊбектер бар. Бұлар негізінен қазіргі кезде республикамыздыӊ қай жоғары оқу орнын алсаӊыз да маман тапшы болып отырған мамандықтарға арналған оқулықтар.

Осы орайда ресми және ғылыми-академиялық әдебиетті аударуда ойланатын мәселе жетерлік екендігін де айта кеткен жөн. Мысалы, қазіргі қолданыста жүрген кейбір оқулықтарды оқыған кезде қазақ тілін білетін адамныӊ өзі қиналатын кездері болады. Мәселен, әр сөйлем жат тілдегі сөйлем құрылысы негізінде тікелей аударылғандықтан, түсініксіз құрылған сөйлемдер, қазақ тіліне жат сөздер қолданысы, өзге тілдіӊ ықпалындағы сөз тіркестері, бірізділігі жоқ терминдер мәселесі секілділермен кезігеміз.

Терминдер тілімізді бұзбауы шарт

Ғылыми терминологияны орнымен қолдану мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Өкінішке орай, қазақ тіліндегі ғылыми-техникалық сөздіктерде бірізділік жоқ. Бір терминніӊ өзініӊ қазақша бірнеше нұсқасы бар. Ағылшын тіліндегі белгілі ғылыми түсініктерді қазақ тіліне қалай ендіруіміз қажет? Осы мәселеде де түрлі көзқарас бар. Біздіӊ пікірімізше, бір сөздіӊ әр түрлі дискурстағы модельдері болуы керек. Сондықтан әдебиеттерді аудару кезінде осы ерекшеліктер мен тілдік дискурстарды да ескергеніміз жөн.

Рас, ғылыми терминдерді қазақ тіліне аудару қажет. Дегенмен, терминдердіӊ артикуляциялық айтылымы біздіӊ тілімізді бұзбайтын болса, онда ол терминді сол күйінде алған дұрыс болар еді. Бұл - заман сұранысы, заман талабы! Қазақ тілініӊ өзі ешқашан төл сөздерін ғана қолданып, табиғи қалпында қалған емес. Бір кездері ғылымныӊ тілі араб-парсы тілдерінде болды. Сол араб-парсы тілдерінен қазақ тіліне сіӊіп кеткен сөздер өте көп. Мысалы, мектеп, мәдениет, кітап, мұғалім - араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Осы сөздердіӊ қазақ тіліне сіӊіп кеткені сонша, төл сөзімізге айналып кетті. Сондықтан тілдіӊ дамуына кері ықпалын тигізбейтін терминологияны кітапқа енгізсек, одан еш ұтылмасымыз анық. Өйткені, біраз қолданысқа түскеннен кейін ол қазақы ұғымға айналады. Мысалы, банк, корпорация, компания, карьера сөздері тілімізге сіӊіп кетті, біз осы сөздерді "жат" екен деп қазақша баламасын іздеп, қолдан термин жасамауымыз керек. "Мынау басқа ұлттыӊ термині, бізге сәйкес келмейді" деген ұғыммен қарайтын болсақ, қазақ тілініӊ ғылыми лексикасыныӊ дәрежесін ешқашан байыта алмаймыз. Бұл жайлы аударылған алғашқы 18 кітаптыӊ тұсаукесерінде Елбасымыз жақсы айтты, оны барлығымыз да естідік. Бір ғана ескеретін жәйт, аудармада қазақ сөйлемініӊ стилі сақталып, мәтін мазмұны өзгермеуі керек. Ал бұл аударма теориясы деп аталатын іргелі ғылымда қойылатын басты талап және ғылыми кәсіби тілді байытып, деӊгейін көтермек.

Осы ретте айта кетер бір мәселе бар: алдағы жылдары қазақ тіліне аударылатын үздік жүз оқулықты баспадан латын әліпбиінде басып шығару ісі. Өйткені, латын графикасына көшу - рухани жаӊғырудыӊ басты өлшемдерініӊ бірі. Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында айтылған, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жөніндегі мәселені іске асыру мақсатында, мәселен, университетіміз басшылығы қазақ бөлімі студенттеріне арналған оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарын (Латыншаға көшу. Көмекші оқу құралы. Ішкі қолданысқа арналған. Алматы, 2018) жарыққа шығарды. Осы үлгімен жүз жаӊа оқулық та баспадан бірден жаӊа латын әліпбиімен шығып жатса, аталмыш оқулықтарды оқу үрдісінде тез енгізуге жол ашылар деген сенімдеміз. Ал біздіӊ университет қазірдіӊ өзінде қазақ бөліміне арналған дәрістерді латын графикасына аударып жатыр. Өйткені, Қазақ елі 2025 жылы жаппай латын әліпбиіне көшпек. Олай болса, оқулықтардыӊ латын әліпбиінде шығарылуы заманауи сипаттағы даму бағытына жасалған батыл бетбұрыс дер едім.

Аударма қай кезде де әлем өркениетін, мәдениетті сабақтастыратын көпір қызметін атқарып келеді. Аударма арқылы басқа елдіӊ рухани әлемімен танысамыз, өзімізді басқаларға танытамыз. Олай болса, аталмыш жоба аясында аударылып жатқан еӊбектер еліміздіӊ өркениетті елдер қатарына біртабан жақындауына үлкен ықпал ететініне сеніміміз зор.

Ардақ САХАНОВА,

Абылай хан атындағы ҚазХҚИТУ

ғылым және инновация жөніндегі проректоры,

э.ғ.д., профессор.

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны