Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өз мәресіне жетті
Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өз мәресіне жетті.
Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған қоян-қолтық ұрыстан чемпионат аяқталды.
Аталмыш турнир ҚР ҚК XVII спартакиадасы аясында өтті. Турнирге 14 командадан 109 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.
Шараның ашылу салтанатына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов қатысты.
"Заманауи қоян-қолтық ұрыс- бұл жекпе-жек түрі ғана емес, сонымен
қатар әлемдік жекпе-жек түрлері арасында функционалдық элементтерді біріктіретін қорғаныс және шабуыл тәсілдерін оқытудың әмбебап жүйесі. Қазіргі таңда қоян-қолтық ұрыс әлемде жауынгерлік жекпе-жектің қарқынды және жылдам дамып келе жатқан түрі болып саналады. Қоян-қолтық ұрыс күресушілерінің жан-жақты дайындығы, жекпе-жек көріністері, сондай-ақ сенімді қорғанысы менжабдықталымы жаңа спорт түрін әлемге танымал етті", - деді генерал-майор М.Бектанов.
Аталмыш турнирде жалпыкомандалық есепте 9 салмақ дәрежесі бойынша 14776 әскери бөлімінің командасыжеңіске жетсе, екінші орынға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының командасы жайғасып, Десанттық-шабуылдаушы әскерлері командасы жүлделі үшінші орынды иемденді.
Әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша 55 келіге дейін Аман Шақитов (14776 ә/б), 60 келіден бастап 65 келіге дейін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері Архат Баяхметов пен Думан Қабылқаев, 70 келіге дейін Десанттық-шабуылдаушы әскерлері командасынан Олжас Ержан, 75 келіге дейін Құрлық әскерлері әскери институтынан келген Әлібек Қадыр, 80 келіге дейін Бахтияр Қожахметов (14776 ә/б), 85 келіге дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығынан Болатхан Маханбетхан, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Арман Ерменбет (14776 ә/б), 90 келіден жоғары дәрежеде "Батыс" өңірлік қолбасшылығынан Жасұлан Мүсіркенов жеңіс тұғырынан көрінді.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
"Қазақстан тарихта тұңғыш рет қысқы Паралимпиадада екі медаль еншіледі" - Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды
Бүгін еліміз үшін қуанышты күн. Тарихымызда алғаш рет Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, оған қоса бір Паралимпиадада екі бірдей медаль еншіледік. Бұл нәтиже - ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың, мықты рухтың көрінісі. Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз", - деді ол. Сондай-ақ, министр бапкерлер құрамының еңбегін де атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиадасының басталуына 4 күн қалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Канадада жеңіске жеткен қазақстандық жас хоккейшілер елге оралды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты
- 1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
- 2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай
- 3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Милан-Кортина 2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олимпиада-2026: Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде 6 медаль алды
- Ұлыбритания - 3 алтын
- Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс, 3 қола
- Канада - 2 алтын, 1 қола
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Әнұраны араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада төрінде тағы шырқалды
- 1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай
- 2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай
- 3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай
Михаил Шайдоровты Олимпиаданың чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - талай жылғы тынымсыз еңбек пен табандылықтың, алға қойған мақсатқа деген сенімнің жемісі. Бүгін Михаил елге зор қуаныш сыйлап, отандық мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл жетістік жас спортшыларға шабыт беріп, елімізде қысқы спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.04.2026, 09:37Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда 17.04.2026, 20:43 183636Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 183376Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты17.04.2026, 10:55 182981Агробиотехникалық ынтымақтастық: Ғабидолла Оспанқұлов француз компаниясымен кездесті14.04.2026, 18:14 31206Шэньчжэнь қаласында Пиншань ауданында таңертең ерте электромобильдер тұрағында өрт шықты
10.04.2026, 23:02 553861Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды10.04.2026, 22:00 417101Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды10.04.2026, 21:57 375841Қазақстан өңірлері Мордовиямен ынтымақтастықты нығайтуда10.04.2026, 20:55 375816Қазақстан мен Финляндия сайлау және демократиялық институттар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда10.04.2026, 19:52 350701Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады

