26.02.2016, 13:46 13765

27 мен 28 ақпан күндері Алматыда "Viessmann" ұсынған трамплиннен шаӊғымен секіруден FIS Илем Кубогыныӊ қысқы кезеӊдері өтеді.

15 елдіӊ 150 спортшысы, халықаралық "Сұӊқар" трамплиндер кешенінде бақтарын сынайды. Аталған тестілік жарыс, 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық аясында өткізіледі

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan Today - 15 елдіӊ 150 спортшысы, халықаралық "Сұӊқар" трамплиндер кешенінде бақтарын сынайды. Аталған тестілік жарыс, 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық аясында өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шаӊғымен трамплиннен секіруден Илем кубогініӊ кезеӊі - Халықаралық шаӊғы спорты федерациясыныӊ (FIS) жыл сайын өткізетін мәртебелі жарысы. Ол бірнеше кезеӊнен тұрады.

Алматыныӊ "Сұӊқар" трамплиндер кешенінде өтетін қысқы кезеӊге 15 елден 150 спортшы қатысады. Олар FIS нұсқасы бойынша әлемніӊ еӊ үздік отыздығына кіретін тұғырдан секірушілер. Жарыстан екі күн бойы Eurosport телеарнасы хабар таратады.

"Біздіӊ еліміз үшін бұл айтулы оқиға. Алматыда әлемніӊ кіл мықты спортшылары бас қоспақ. Бұл жарысты ұйымдастыруда ауқымды дайындық жұмыстары атқарылды. Барлық спортшылар жарыста бүкіл күш-жігерін сарпымақ. Өйткені оларға әрбір ұпайды еншілеу аса маӊызды. Сондықтан Алматыдағы әлем кубогыныӊ кезеӊіне, әлемніӊ топ-30 спортшылары келді,- деді, Қазақстанныӊ шаӊғы спорт түрлері Ассоциациясыныӊ бас хатшысы Игорь Жуков.

Илем кубогы алдағы жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада аясындағы тестілік жарыс болып есептеледі. Жарыс кезінде қысқы Универсиаданыӊ ұйымдастыру комитеті мен "Сұӊқар" халықаралық трамплиндер кешенініӊ қызметтері тестілеуден өтеді.

"Илем кубогыныӊ қысқы кезеӊі, биыл біз ұйымдастырып жатқан екінші тестілік шара болып табылады. Жақында ғана VI-шы Республикалық Универсиада кезінде дирекцияныӊ бірқатар қызмет бөлімдерін сынақтан өткіздік. Биылға 7 тестілік жарыс жоспарланып отыр. Ал осы жолғы жарыс арқылы біз "Сұӊқар" трамплиндер кешенініӊ үлкен жарыстарды қабылдауда қаншалықты дайын екенін байқап көреміз. Сондай-ақ, дирекцияныӊ транспорт, волонтерлар, хаттама бөлімдерініӊ жұмысын байқаймыз. Біз барлық Алматы тұрғындары мен қонақтарын алдағы демалыс күндері өтетін жарысты көруге шақырамыз", -деді, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясыныӊ жетекшісі Исет Ибдуалиев.

Алматы қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтары үшін жарысқа кіру тегін. Ақысыз билеттерді kassir.kz, ticketon.kz, zakazbiletov.kz, tvoibilet.kz сайттарынан алуға болады.

Жарыс бағдарламасы:

27 ақпан, сенбі

13.00 - Ашылу салтанаты

14.00 - Байқау кезеӊі,әйелдер

15.00 - Ийелдер арасындағы 1-ші сынақ секіру. Финалдық кезеӊ.

17.00 -Байқау кезеӊі, ерлер

18.00 -Ерлер арасындағы 1-ші сынақ секіру. Финалдық кезеӊ

28 ақпан, жексенбі

14.00 - Квалификация, әйелдер

15.00 - Ийелдер арасындағы 1-ші сынақ секіру. Финалдық кезеӊ.

16.45 - Квалификация, ерлер

18.00 - Ерлер арасындағы 1-ші сынақ секіру. Финалдық кезеӊ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны