07.02.2017, 19:06 5451

29-шы Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары Красноярск қаласында өтеді

Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша жалпы есепте екінші орынды сақтап қалды. Құрама қоржынында 11 алтын, 6 күміс, 11 қола жүлде бар.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 8 ақпанында сағат 18:50-де "Қазақстан" және "Kazsport" телеарналары 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді,- деп хабарлайды "Қазақстан" РТРК" АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті.

Универсиада ойындарыныӊ жабылу салтанаты 1,5 сағатқа созылып, "Алматы -Арена" кешенінде өтеді. Көрермендер қызықты оқиғаларға толы шоу- бағдарлама тамашалайтын болады. Сондай-ақ, аталмыш шараға Қазақстан эстрадасыныӊ жұлдыздары қатысады.

Жабылу салтанатындағы қызықты сәттердіӊ бірі - келесі Универсиада ойындарыныӊ эстафетасын қабылдап алатын Красноярск қаласыныӊ "визиттік картасы" болмақ. Осы елеулі оқиғаға байланысты, шараға Красноярск қаласыныӊ басшылығы мен шығармашылық тобынан тұратын делегация қатысады.

"Қазақстан" РТРК" АҚ - Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарыныӊ ресми ақпараттық серіктесі.

Телерадиокорпорацияныӊ құрамына кіретін "Kazsport" телеарнасы Универсиаданыӊ бас хабар таратушысы және Универсиада Алау эстафетасыныӊ ресми таратушысы. "Kazsport" телеарнасыныӊ Қысқы ойындардан хабар таратуы Қазақстанныӊ барлық облыс орталықтарында өткен Алау жағу салтанатынан басталған болатын.

Универсиаданыӊ жабылу салтанатын "Қазақстан" РТРК" АҚ құрамына кіретін ақпараттық ресурстардыӊ барлығы таратады. Оныӊ ішінде республикалық арналар мен радиолардан бөлек 14 аймақтық филиал бар. Корпорация сайтыныӊ арнайы https://kaztrk.kz/kz/Universiade2017 айдарынан ақпарат беріліп отырады.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша жалпы есепте екінші орынды сақтап қалды. Құрама қоржынында 11 алтын, 6 күміс, 11 қола жүлде бар. Универсиада чемпиондары: шаӊғышы Иван Люфт, Алина Райкова, фристайлшылар Бағлан Іӊкәрбек пен Жанбота Алдабергенова, шаӊғышы Галина Вишневская, аралас командалық спринтте үздік шыққан Анна Шевченко мен Олжас Климин, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен және фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд.

Жабылу салтанатыныӊ шарықтау шегі - FISU жалауын келесі форум астанасы - Красноярск қаласына беру сәті болмақ. Көрініс жастар ұйымшылдығы мен Қазақстан халқы бірлігініӊ жарқын символына айналады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны