31.07.2015, 17:30 12118

А.Крюков: 2022 жылғы Олимпиаданы өткізу үшін Алматыға екі-ақ дауыс жетпей қалды

Дауыс беру нәтижесі Бейжіӊніӊ пайдасына шешілді -44:40, ХОК-тыӊ бір делегаты қалыс қалды.

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарыныӊ астанасы атану үшін Алматыға екі-ақ дауыс жетпей қалды. Бұл туралы Украинаныӊ ХОК-тағы мүшесі Сергей Бубка мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі. Дауыс беру нәтижесі Бейжіӊніӊ пайдасына шешілді -44:40, ХОК-тыӊ бір делегаты қалыс қалды.

"Дауыс беру нәтижесі 44:40 дауыспен Бейжіӊніӊ пайдасына шешілді. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Қазақстанныӊ өтінімі айтарлықтай жоғары деӊгейде болды. Сондықтан да келесі жолы сіздер ХОК мүшелерін әлемдік маӊызы зор дүбірлі доданы өткізе алатындарыӊызға сендіре аласыздар деген ойдамын", - деді Украинаныӊ ХОК-тағы мүшесі Сергей Бубка, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріӊізге салып өтсек, алғашқы дауыс беру процесінде аздаған қиындықтар туындағаннан кейін ХОК мүшелері дауыс беруді екі рет өткізген еді.

"Электроникамен проблема туындап қалды, сырттан "шабуыл" үдеді. Біреулер қасақана дауыс берудіӊ нәтижесіне ықпал етуге тырысып бақты, сол себепті біз бюллетеньдер арқылы дауыс беруді жөн деп шештік. Бүгінгі таӊда бұл еӊ сенімді дауыс беру әдісі", - дейді ол.

Алматы-2022 комитеті төрағасыныӊ орынбасары Андрей Крюков те Алматы қаласына жеӊіске бар болғаны екі дауыс жетпей қалғанын нақтылап өтті.

Естеріӊізге салып өтсек, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін қаланы ХОК-тыӊ 85 мүшесі таӊдаған еді: 44 адам Бейжіӊді қолдаса, 40 адам Алматы үшін дауыс берген, ал бір адам қалыс қалды. Қазақстан мен Қытайдыӊ ХОК-тағы мүшелері мен Халықаралық Олимпиада комитетініӊ президенті Томас Бах дауыс беруге қатысқан жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны