24.09.2018, 22:52 10271

Алматы 2019 жылы өтетін Қысқы Универсиаданыӊ Алау эстафетасын қабылдады

Эстафетаны бастау құқығына бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов ие болды. Ол Алауды ресми түрде жағу үшін Арман Қырықбаевқа табыстады. Өз кезегінде Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары алауды Наталья Паршиковаға тапсырып, осылайша Эстафета кезеӊі басталды.

Алматы. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2019 жылы Ресей қаласында өтетін 9-is Қысқы Универсиада алауын Алматы қаласы қабылдады. ЭстафетаАбай көшесі бойымен жүріп Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан басталып Республика сарайына дейін жалғасты, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алауды жағу рәсімінде Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев, халықаралық студенттер спорт федерацисыныӊ (FISU)президенті Олег Матыцин, Ресейдіӊ спорт министрі орынбасары, статс-хатшысы Наталья Паршикова болды. Олар 2017 жылы Алматыда өткен қысқы студенттер ойындарыныӊ жақсы дәрежеде өткенін айтып, барлығына сәттілік тіледі.

Эстафетаны бастау құқығына бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов ие болды. Ол Алауды ресми түрде жағу үшін Арман Қырықбаевқа табыстады. Өз кезегінде Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары алауды Наталья Паршиковаға тапсырып, осылайша Эстафета кезеӊі басталды.

15 алау ұстаушылар Абай көшесімен 2,5 км шақырым жүгіріп өтті. Олардыӊ арасында Ресей делегаттары, еліміздіӊ танымал спортшылары боксер Қанат Ислам, триатлоншы Салтанат Қазыбаева, футзалшы Дінмұхамбет Сүлейменов, ЖОО ректорлары және т.б. болды. Эстафетаны Қазақстан студенттер арасындағы ұлттық спорт қауымдастығыныӊ президенті Қайрат Закирьянов аяқтады.

Мәреде олар барлық қала қонақтары мен тұрғындарын тағы бір мәрте құттықтап, FISU өкілдері мен ұйымдастырушылар колбадағы алаудыҚытай Халық Республикасына табыстады. Келесі Алау Эстафетасыныӊ кезеӊі осы елдіӊ Харбин қаласында қыркүйектіӊ 26-ы күні өтеді.

- Мен сіздерге осындай қолдау үшін алғыс білдіріп, 2017 жылы өткен Универсиада еӊ жоғары деӊгейде өткенін айтқым келеді. Бізде осындай есте қаларлықтай өткіземіз деп ойлаймын. Сіздерді келесі жылынаурыздыӊ 2-12 аралығында Краснорск қаласында күтетін боламыз, - деді АНО "Дирекция Красноярск-2019" бас директорыМаксим Уразов.

Айта кетер жайт, Алау Эстафетасы 20-ші қыркүйек күні Италияныӊ Турин қаласында басталды. Қыркүйектіӊ 29-ы күні Алау Эстафетасыныӊ Ресейдегі кезеӊі басталып, сол елдіӊ 30 ірі қаласы қабылдайды. Спорттық шара 2019 жылы наурыздыӊ 1-і дейін жалғасып, студенттер ойындарыныӊ астанасы Красноярскте аяқталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны