13.09.2017, 17:16 6273

Алматы облысында спортты дамытуға 6 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінген

Қазіргі кезде облыста 3347 спорттық нысан жұмыс істесе, соныӊ 2560-ы - ауылдық жерлерде. Соныӊ нәтижесінде өткен жылы бұқаралық спортпен айналысатын облыс тұрғындарыныӊ саны 27 % жетті.

Талдықорған. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ халықтыӊ 30 пайызын жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында Алматы облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ хабарлауынша, тек биылғы жылдыӊ өзінде жергілікті бюджеттен аталмыш саланы дамытуға аймақта 6 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінген.

Қазіргі кезде облыста 3347 спорттық нысан жұмыс істесе, соныӊ 2560-ы - ауылдық жерлерде. Соныӊ нәтижесінде өткен жылы бұқаралық спортпен айналысатын облыс тұрғындарыныӊ саны 27 % жетті. Бұқаралық спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 97 090-ға жетіп, 30,2 % құрады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ спортпен айналысуына жағдай жасалып, облыс орталығында мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істеуде.

Қазіргі кезде Талғар, Райымбек, Қарасай аудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенініӊ құрылысы жүріп жатыр. Алакөл ауданы Үшарал қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеӊберінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенініӊ құрылысы жоспарланған.

Биылғы жылы Нарынқол ауылында футбол алаӊыныӊ құрылысы аяқталып, Қаскелеӊ, Талғар қалаларында, Райымбек ауданы Кеген ауылында спорттық кешендердіӊ, Қарасай ауданыныӊ Жалпақсай ауылында футбол алаӊыныӊ құрылыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар Қаратал ауданында спорттық мектепті жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде.

Атап өтерлігі, Талдықорғанда олимпиадалық жүзу бассейні, жеӊіл атлетика манежі мен велотрек салу жоспарланып отыр.

Облыста дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысу үшін қол жетімді объектілердіӊ саны 2014 жылы 3296 бірлікті құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 107 объектіге артық.

Оныӊ ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерініӊ саны 17 бірлікті құрайды.

Негізгі мәселелер:

o Ақсу, Балқаш, Ескелді, Іле, Қаратал, Көксу, Сарқан, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерініӊ жоқтығы;

o Көксу ауданыныӊ Балпық би к., Талғар ауданыныӊ Талғар қаласы сияқты халық тығыз орналасқан мекендердерде спорт кешендерініӊ болмауы;

o Қарасай ауданыныӊ Шамалған а., Алакөл ауданыныӊ Достық а. және Қапшағай қаласында стадиондар қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны