19.09.2018, 16:44 6430

Алматыда алғашқы рет баскетболдан әлем чемпионатыныӊ іріктеу кезеӊі өтті

Баскетболдан Илем чемпионаты 2019 жылы тамыздыӊ 31-і және қыркүйектіӊ 15-і аралығында Қытайда өтетін болады.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында алғашқы рет баскетболдан ерлер арасындағы әлем чемпионатыныӊ іріктеу кезеӊі өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Қазақстан ұлттық құрамасы F тобында өздерінен бір ұпай қалып жатқан Жапония құрамасына қарсы ойнады. Бұл тартысқа толы өткен кездесуде 85:70 есебімен қонақтар жеӊіске жетіп, екі ұпайға ие болды. Осылайша, турнир кестесінде жапондықтар біздіӊ ойыншыларды қуып жетіп, бірдей 10 ұпаймен 4-ші орынды бөлісіп тұр.

Енді отандастарымыз топтық кезеӊ аясында Аустралия, Филиппин ұлттық құрамаларымен кездесіп, қараша айында Жапонияға қарымта ойын өткізуге аттанады.

- Біз өте лайықты ойын көрсеттік. Жапония командасы бізден басымырақ болды, оны мойындау керек. Олардыӊ жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Біздіӊ құрамада жаӊа ойыншылар болған соӊ, сәл батылдық жетіспеген секілді. Бірақ біздіӊ жігіттер тырысты. Енді алда басқа ойындар күтіп тұр, дайындалып, жеӊіске жетеміз деп ойлаймын, - деді Қазақстан құрамасыныӊ капитаны Рүстам Ерғали.

Айта кетер жайт, бірінші кезеӊніӊ нәтижелері бойынша, Қазақстан құрамасы Ренатас Курилионакас жас бапкердіӊ жетекшілігімен, D тобында екінші орынды иелеп, бұл ретте 9 ұпай жинап, Азиялық квалификацияныӊ екінші кезеӊіне өтті.

Баскетболдан Илем чемпионаты 2019 жылы тамыздыӊ 31-і және қыркүйектіӊ 15-і аралығында Қытайда өтетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны