28.02.2008, 16:34 4234

Астанада 2010 жылы мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтын ашу жоспарлануда -ҚР ТСМ

Астанада 2010 жылы мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтын ашу жоспарлануда -ҚР ТСМ

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 2010 жылы мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтын ашу жоспарланған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР туризм және спорт министрлігінің спорт жөніндегі комитеті төрағасы Анатолий Құлназаров құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі күні біздерге жаппай спортты дамыту үшін, әсіресе дене мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі спортшылармен жұмыс істейтін бапкерлер тапшы ", - деді А. Құлназаров.

"Осыған орай Астанада 2010 жылы дене шынықтыру және спорт институтын ашу жоспарланып отыр.

"Біз бапкерлерлерді, мұғалімдерді білім беру және ғылым министрлігінің бағдарламалары бойынша кәсіби білімін жетілдіру орталықтарында оқытуымыз керек. Ал жаттықтырушы мамандар жағынан бізде шешілмей жатқан мәселе көп ", - деп толықтырды комитет төрағасы.

"Ал Пекинде жазғы олимпиада ойындары өткізілгеннен кейін, осындай ұйым бізде құрылмайынша, Мәскеу, Санкт-Петербург дене шынықтыру және спорт университеттерінде білімдерін жетілдіру үшін жетекші бапкерлерді жіберіп отырамыз ", -деді ол.

"Кейбір жас спорт менеджерлерін біз Мәскеу спорт менеджметінің басқару университеті негізінде дайындап жатырмыз. Олардың бірінші түлектері қазір Қазақстанға келіп жұмысқа кірісті ", - деп қорытындылады А.Құлназаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны