11.07.2017, 16:15 6734

Қызылорда облыстық Батырбек Зейнолла Кипрде жасөспірімдер арасында таэквондодан Еуропа чемпионатында жеӊіске жетті

Шілденіӊ 7-8 аралығында Кипрде жасөспірімдер арасында таэквондодан Еуропа чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 18 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Дүбірлі додада Қызылорда облыстық Батырбек Зейнолла топ жарып, Еуропа чемпионы атанды

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Шілденіӊ 7-8 аралығында Кипрде жасөспірімдер арасында таэквондодан Еуропа чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 18 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Дүбірлі додада Қызылорда облыстық Батырбек Зейнолла топ жарып, Еуропа чемпионы атанды.

Сыр елініӊ саӊлағы алғашқы сайыста түркиялық спортшыны ұпай саны бойынша бағындырса, келесі қарсыласын да бірнеше айла-тәсілдермен қапы қалдырды. Финалда тағы бір түркиялық споршыдан басым түскен ол жеӊіс тұғырынан көрінді. Жалпы аталған сайысқа еліміз бойынша 21, ал Сыр өӊірінен 3 спортшы қатысқан болатын. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған аймақ спортшыларыныӊ барлығы да жүлделі орындардан көрінді.

- Мен үздік үштіктен көрінуді мақсат етсем де, мыӊға жуық спортшыныӊ ішінен топ жарамын деп ойлаған емеспін. Бірақ бойымдағы жігер мен арманым осындай жеӊіске жетеледі. Өзге елде көк байрағымыздыӊ желбіреуіне үлес қосқаным үшін мақтанамын. Бұл жеӊіс тек дайындық пен еӊбектіӊ арқасында келді. Байрақты бәсекеде топ жаруыма бапкерімніӊ қосқан үлесі зор. Болашақта мұнан да үлкен додаларда топ жарып, артқан сенімді ақтауға тырысамын, - дейді Батырбек Мақсұтұлы.

Сыр спортшысы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде "Дене шынықтыру" мамандығы бойынша білім алуда. Оныӊ аталған спорт түрімен айналысқанына 5 жыл толып отыр. Жаттықтырушысы Самат Шаудырбаев та шәкіртініӊ алдағы талай тартысты додаларда топ жаратынына үміт артады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны