20.06.2017, 19:36 8866

Қызылордада облыстық ішкі істер департаменті, қалалық ішкі істер басқармасы және жергілікті полиция қызметініӊ 250 маманы марафонға қатысты

"Сыр ана" монументінен бастау алып, "Еуразия" спорт кешенінде тұйықталған марафонда ішкі істер басқармасы криминалды полиция бөлімініӊ қызметкері, полиция сержанты Ербол Смағұлов мәреге басқалардан бұрын жетті.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына байланысты Қызылордада облыстық ішкі істер департаменті, қалалық ішкі істер басқармасы және жергілікті полиция қызметініӊ 250 маманы марафонға қатысты.

"Сыр ана" монументінен бастау алып, "Еуразия" спорт кешенінде тұйықталған марафонда ішкі істер басқармасы криминалды полиция бөлімініӊ қызметкері, полиция сержанты Ербол Смағұлов мәреге басқалардан бұрын жетті.

Екінші орын жүлдесі қалалық ішкі істер басқармасыныӊ штаб-бөлімі инспекторы Нұрдәулет Пазылбекұлына бұйырды.

Үшінші орын тұғырынан көрінген Бердібек Жақыпов та қалалық ішкі істер басқармасыныӊ техникалық бөолімінде инженер қызметін атқарады.

Ұйымдастырушылар түрлі номинациялар бойынша да жүлделер дайындапты. Соныӊ бірі - "Жеӊіске деген ынтасы үшін" аталымын ішкі істер департаменті әкімшілік полициясыныӊ қызметкері, полиция майоры Гүлнар Дүйсенова иеленді. Сондай-ақ марафонға қатысушылар арасындағы жасы үлкен номинациясы тергеу басқармасыныӊ қызметкері, полиция полковнигі Айдарбек Маншариповқа табысталды.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен грамоталарға ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны