28.02.2017, 15:08 8341

Қызылордаға үздік ауыр атлеттер жиналады

1-5 наурыз аралығында Қызылордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасыныӊ кубогы мен чемпионаты өтеді. Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 16 команда 200-ден аса спортшы 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Қызылорда. 1 наурыз. Kazakhstan Today - 1-5 наурыз аралығында Қызылордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасыныӊ кубогы мен чемпионаты өтеді. Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 16 команда 200-ден аса спортшы 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу сыны болып табылады.

Сондай-ақ, 105 келі салмақта жеӊімпаз атанған спортшыға Илья Ильинніӊ кубогы мен сертификаты беріледі.

Жарыстыӊ басталуы 1 наурыз сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 14.30-да "Евразия" спорт кешенінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны