18.05.2015, 17:34 7873

ҚР ҚМ Искери-техникалық мектебініӊ тәрбиеленушілері мотожарыс бойынша Қазақстандық чемпионатта жеӊімпаз атанды

ҚР ҚМ Искери-техникалық мектебі құрылғанына 15 жыл толуына орай мотожарыс бойынша чемпионат өткізді. Астанадағы мотополигонда өткен шараға әскери мектеп спорт секциясыныӊ 68 тәрбиеленушісі қатысты.

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҚМ Искери-техникалық мектебі құрылғанына 15 жыл толуына орай мотожарыс бойынша чемпионат өткізді. Астанадағы мотополигонда өткен шараға әскери мектеп спорт секциясыныӊ 68 тәрбиеленушісі қатысты. Жарыста бірнеше жас санатында 21 жасқа дейінгілер сайысқа түсті. Еӊ жас қатысушыныӊ жасы шамамен 6-7 жасты құрады. Осыған қарамастан балалар өздерін мотоциклдіӊ рөлінде сенімді отыратынын көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мотоциклистерге 1 700 метр қашықтық және жеті түрлі секіртпелер ұсынылды. Жас шамаларына қарай сынақ нәтижелерініӊ жүйесі белгілі болды. Мотожарыста барлығынан үздік шыққан ҚР ҚМ ИТМ спорт клубыныӊ тәрбиеленушілері Артем Беляков, Владислав Сиверов, Дмитрий Гавриленко, Вячеслав Яновский болды. Спортшылар Александр Чуканов пен Александр Пискыч арбалы мотожарыстыӊ жеӊімпаздары атанды. Осы санатта көрермен көзайымы жүлдесіне Виктория Антипова және Алена Брухтыӊ экипажы иеленді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Мото жарыстыӊ барлық жүлдегерлеріне медалдар және құрмет грамоталары табыс етілді. Спортшылар өздерініӊ чемпионаттағы жетістіктерін Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арнады.

Искери-техникалық мектеп жастар арасындағы спортты дәріптеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көӊіл бөліп отыр. Өткен жылдан бері оқу орны авиациялық, техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамытуда ауқымды шаралар өткізуде.

Жоспарлы жұмыстыӊ нәтижесінде жалпы саны 23 спорт секциясында 2 000 бала ақысыз негізде спортпен айналысып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны