28.02.2008, 16:54 6752

ҚР туризм және спорт министрлігі 2011 жылға дейін халықтың 17 % дене шынықтыру мен спортқа баулуды көздеп отыр

ҚР туризм және спорт министрлігі 2011 жылға дейін халықтың 17 % дене шынықтыру мен спортқа баулуды көздеп отыр

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР туризм және спорт министрлігі 2011 жылға дейін Қазақстан халықының 17 % дене шынықтыру мен спортқа баулуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР туризм және спорт министрлігінің спорт жөніндегі комитет төрағасы Анатолий Құлназаров құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттік бағдарламада біз 2011 жылға дейін жүйеле түрде Қазақстан халқының 17 % дене шынықтыру мен спортқа баулитын боламыз деп мақсат қойып отырмыз ", - деді А. Құлназаров.

Ол айтқанындай, "президенттің халыққа жолдауында жаппай спортты дамытуға назар аударылды". "Бүгінде халықтық 15% спортқа жұмылдырылған", - деп толықтырды комитет төрағасы. Оның сөздері бойынша, Ұлыбритания халқының 60 пайызы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады, ал Германияда ол 50 % құрайды.

"Осындай көрсеткіштер басқа да Еуропа елдерінде бар. Сондықтан өзіміздің мүмкіндігімізді біле тұра, болашақта елдегі көрсеткіштерді 25-30% жеткізуге тырысамыз" - деп құлағдар етті ол.

"Ол үшін ерікті спорт қоғамдары құрылып және оқушылардың аптада айналысатын дене шынықтыру көлемін 8-10 сағатқа дейін жеткізу керек", - деп есептейді СТМ өкілі.

Оның мәліметтері бойынша, әзірге Қазақстанда дене шынықтыру пәні орта білім беру мектептерінде аптасына үш рет өткізіледі. "Үш сабақпен шектелуге болмайды, яғни дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен балалар бапкерлері кластан, мектептен тыс жұмыстарын жүргізуі керек", - деп атап өтті А. Құлназаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны