15.09.2016, 14:50 7506

Шымкент қаласында қыздар арасында "Теӊбіл доп" республикалық турнирі өтті

Соӊғы шешуші ойында да Тараз құрамасын 2 - 1 есебімен жеӊіп шықты. Осылайша ОҚО командасы республикалық турнирдіӊ жеӊімпазы атанды.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жуырда Шымкент қаласында ҚР Білім және Ғылым министрлігініӊ ұйымдастыруымен қыздар арасында "Теӊбіл доп" республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осы турнирде Оӊтүстік Қазақстан облысы құрамасында Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінде жаттығатын 13 қыз өнер көрсетті. Оларды Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебініӊ қыздар тобыныӊ жаттықтырушысы У. Иждүрлиев бастап барды.

Алдымен Алматы құрамасын 2:0 есебімен жеӊген ОҚО құрама командасы Өскемен қаласыныӊ футболшыларын 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Одан кейін Маӊғыстау құрамасын 3:0, №7 олимпиада резервтерін дайындайтын спорт мектебі құрамасын 2:0 есебімен жеӊді. Ал, финалда Тараз құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, бірінші орынға ие болды. Соӊғы шешуші ойында да Тараз құрамасын 2 - 1 есебімен жеӊіп шықты. Осылайша ОҚО командасы республикалық турнирдіӊ жеӊімпазы атанды.

ОҚО құрамасында Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінде жаттығатын Д. Қалдыбек, Қ. Толықбай, П. Толықбай, А.Меретбай, М.Иждүрлиева, А.Портнова, А.Захарова, А.Бугаева, Н. Меретбай, Д. Қартаева, Ж. Зият, К. Гасина, А. Тыным сынды арулар доп тепті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны