15.01.2016, 21:36 9375

Универсиада спорт нысандарыныӊ ашылуы Алматыныӊ 1000 жылдығын мерекелеуге орайластырылады

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 қысқы Универсиада ойындары өтетін спорт нысандарын аралады. Бұл ғимараттар болашақта қала тұрғындарыныӊ игілігіне пайдаланылады әрі Алматыныӊ 1000 жылдығын мерекелеу қарсаӊында есіктерін айқара ашатын болады", - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметінен

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 қысқы Универсиада ойындары өтетін спорт нысандарын аралады. Бұл ғимараттар болашақта қала тұрғындарыныӊ игілігіне пайдаланылады әрі Алматыныӊ 1000 жылдығын мерекелеу қарсаӊында есіктерін айқара ашатын болады", - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Универсиада" басшылығыныӊ мәліметі бойынша барлық спорт нысандары 2016 жылдыӊ 30 тамызында пайдалануға беріледі. Қазір теӊге бағамыныӊ өзгеруіне қарамастан құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр және белгіленген мерзімде аяқталады. Мысалы, үстіміздегі жылдыӊ 22 наурызында Медеу ауданындағы 3000 орындық Мұз аренасыныӊ жаттығу айдыны дайын болады, ал 6 шілдеде негізгі арена мен әкімшілік ғимараттыӊ құрылысы аяқталып, нысанныӊ айналасы абаттандырылады. Бұлардан өзге, 12 мыӊ орындық Мұз сарайыныӊ әкімшілік ғимаратыныӊ, осындағы бассейн мен жаттығу мұз айдыныныӊ құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанныӊ негізгі блогы 2016 жылдыӊ 9 мамырында пайдалануға беріледі, ал нысанныӊ айналасын абаттандыру жұмыстары 6 шілдеде аяқталады. Атлеттер ауылындағы 5 мыӊ орындық 4 тұрғын үй 22 наурызда берілсе, тағы 4 тұрғын үй 9 мамырда іске қосылады. Ал 6 шілдеде соӊғы 2 тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталады. Бұлардыӊ айналасын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары 1 тамызда жүзеге асады. Барлық нысандардыӊ құрылыс-монтаж жұмыстары тамыздыӊ соӊында аяқталып, биылғы жылдыӊ 30 тамызында пайдалануға беріледі. Құрылыстыӊ әр кезеӊі Алматы әкімі Б. Байбектіӊ жеке бақылауына алынған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, таяуда ғана 12 мыӊ орындық Мұз сарайыныӊ кіші аренасыныӊ, жаӊа бассейнніӊ, Универсиада спорт нысандары мен Атлеттер ауылыныӊ бизнес-мүмкіндіктерініӊ тұсаукесері өткен болатын. Бұл шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, спортшылар, бизнесмендер, журналистер, блогерлер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны