15.04.2015, 15:16 11030

Жасөспірім қазақстандық спортсмендер бразилиялық футбол клубында жаттығып жүр

Футбол клубыныӊ президенті Жильван Тавареспен кездесу барысында Б. Ордабаев жас қазақстандық спортсмендердіӊ оқу мәселелерін және тұру шарттарын талқылады. Ж. Таварес қазақстандық жастар жаттығу сабақтарында жақсы көрсеткіштерге ие болып, өздерініӊ біліктілігін үнемі арттыруда екенін айтты

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Ү.ж. 8-9 сәуірде Қазақстанныӊ Бразилиядағы Елшісі Бақытжан Ордабаев Қазақстанда жас буын спортты дамыту президенттік бағдарламасыныӊ шеӊберінде 26 қазақстандықтар оқып жүрген "Крузейро" футбол клубына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Футбол клубыныӊ президенті Жильван Тавареспен кездесу барысында Б. Ордабаев жас қазақстандық спортсмендердіӊ оқу мәселелерін және тұру шарттарын талқылады. Ж. Таварес қазақстандық жастар жаттығу сабақтарында жақсы көрсеткіштерге ие болып, өздерініӊ біліктілігін үнемі арттыруда екенін айтты, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

"Крузейро" ФК басшылығы қазақстандықтардыӊ Бразилиядағы түрлі деӊгейлердегі, соныӊ ішінде халықаралық жас буын турнирлерге қазақстандық топ ретінде қатысуы туралы келісімге өзге футбол клубтары мен шетел федерацияларымен қол жеткізілгені туралы хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны