12.05.2017, 14:12 6040

Жастар спорт ойындары аясында таеквондо жарыстарынан қызылордалық спортшылар 12 жүлде иеленді

Маӊғыстау облысы Ақтау қаласында ҚР 4-ші Жастар спорт ойындары аясында таеквондодан жарыстар аяқталды. Дүбірлі бәсекеде қызылордалық спортшылар 12 жүлдені иеленіп, 460 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеӊіп алды.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысы Ақтау қаласында ҚР 4-ші Жастар спорт ойындары аясында таеквондодан жарыстар аяқталды. Дүбірлі бәсекеде қызылордалық спортшылар 12 жүлдені иеленіп, 460 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеӊіп алды.

Жекелей есепте Ботагөз Қапанова (52 келі) мен Гүлмира Садықова (+68 келі) спорт ойындарыныӊ жеӊімпазы атанды.

Айым Тоғман (55 келі), Шамшат Ақберген (59 келі), Балнұр Сәрсенбай (63 келі), Дөнес Сыдықов (68 келі), Жандос Орынбек (73 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Алина Маметқали (42 келі), Эдуард Хван (45 келі), Зарема Музыкантова (46 келі), Гүлбала Абызбаева (49 келі), Рамазан Жеткерген (59 келі)спорт ойындарыныӊ қола жүлдесін еншіледі.

Сондай-ақ, команданы жарысқа дайындаған жастар арасында облыстыӊ аға жаттықтырушысы Нұрлыбек Сухан грамотамен марапатталды.

Айта кетейік, 2013 жылы облыс құрама командасы 3-ші Жастар спорт ойындарында жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны