28.09.2020, 19:10 4632

Теңіз жаяу бригадасының танкистері Т-72-ден ату шеберліктерін көрсетті

Айта кету керек, Теңіз жаяу әскерлері бригадасының танкішілері жыл сайын Халықаралық Армия ойындарына Қарулы Күштердің үздік танк экипаждары қатарына кіріп Қазақстанның атынан қатысады.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Теңіз жаяу бригадасының танкистері Т-72-ден ату шеберліктерін көрсетті.

30-дан астам танк экипаждары Ақтау гарнизонындағы "Оймаша" полигонында Т-72 танктерінің қару-жарағынан штаттық атыс жүргізді.

Сабақтардың негізгі мақсаты экипаждың шеберлігі мен кәсібилігін арттыру болып табылады, бұл кезде тапсырманың нәтижесі экипаждың әрбір мүшесіне байланысты болады.

Экипаждар бақылау оқ атудың бірінші жаттығуын орындады. Оның барысында 1600 метр қашықтықтан шартты танктер бойынша 900 метрге дейінгі қашықтықтан автомобильде қол танкіге қарсы гранатаатқыш пен серпілмейтін зеңбірек және 700 метрден қол танкіге қарсы гранатаатқышпен оқ атуды жүргізді.

Бұл жаттығулар белгіленген уақытқа сәйкес қатаң түрде орындалды. Сонымен қатар, танкішілер бірнеше оқу жаттығу орындарын әзірледі.

"Ату нәтижелері бойынша танкішілер жақсы нәтижелер көрсетті. Олар өз саласында құнды тәжірибе жинады, айта кетейік жаттығу, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізілді" - деп атап өтті бригада командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, гвардия майоры Асылхан Муқушов

Оқ атулардың қорытындысы бойынша 1-ші танкті ротасының командирі аға лейтенант Бексұлтан Алдабергеннің экипаждары - аға лейтенант Космагамбетов Жамбыл мен аға сержант Дидар Талапов үздік нәтижелер көрсетті. Олардың экипаждары барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық межелерге дөп тигізді.

Айта кету керек, Теңіз жаяу әскерлері бригадасының танкішілері жыл сайын Халықаралық Армия ойындарына Қарулы Күштердің үздік танк экипаждары қатарына кіріп Қазақстанның атынан қатысады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны