09.05.2019, 15:02 11466

Қазақстандық лоукостер Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды мен Оралға 10 мың жолаушыны тасып үлгерді

Алғашқы аптада қазақстандық әуетасымалдаушы 63 рейс орындады. Рейстерді уақытылы орындау көрсеткіші 82% құраса, әуе кемесінің жүктеме коэффиценті 94% көрсеткен. Наурыздың 29 бастап күні бүгінге дейін сатылған билеттердің жалпы саны 70 мыңнан асып түсті.

Нұр-Сұлтан. 9 мамыр. Kazakhstan Today - FlyArystan бірінші аптаның операциялық жұмысының қорытындылады.

Әуе компаниясы алғашқы рейстерге, оның ішінде мерекелік және демалыс күндеріне билеттерді сатты. Бүгінгі күні қазақстандық лоукостер Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды мен Оралға 10 мың жолаушыны тасып үлгерді.

Алғашқы аптада қазақстандық әуетасымалдаушы 63 рейс орындады. Рейстерді уақытылы орындау көрсеткіші 82% құраса, әуе кемесінің жүктеме коэффиценті 94% көрсеткен. Наурыздың 29 бастап күні бүгінге дейін сатылған билеттердің жалпы саны 70 мыңнан асып түсті.

"Біз алғашқы рейске, яғни Алматыдан Нұр-Сұлтан мен Таразға билеттерді сатылым ашқаннан кейін, бір айдан аз уақыт ішінде 100% сатып бітірдік. Бірінші кезекте мерекелік және демалыс күндік билеттер сатылды. Осылайша, 10 теңгеге дейінгі билеттер 1-7 мамыр арасындағы барлық сатылымның жартысынан көбін құраса, Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз бен Қарағандыға осы бағамен сатылған билеттер барлық сатылымның 2/3 бөлігін құрды", - деп мәлімдеді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова. - Көпті көрген саяхатшылар келешек демалыстарын бүгін жоспарлап, FlyArystan-ға билеттерді броньдап жатыр. Себебі қазір flyarystan.com сайтында 26 қазанға дейінгі билеттер сатылымы ашық және де қолжетімді. Яғни минималды тарифтер ұшып шығуға бірнеше күн қалғанда арзан болуы екіталай. Сол себепті біз, уақытты өткізбей, бірден қолжетімді бағалы билеттерді алып үлгеруге кеңес береміз.

Естеріңізге сала кетсек, 30 мамырдан бастап бюджеттік әуетасымалдаушы Алматыдан Павлодар мен Шымкентке қатынай бастайды. Сәйкесінше, билет құны 6999 және 4999 теңгеден басталады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны