19.08.2022, 20:36 48901

Путин: ҚР мен РФ ҰҚШҰ аясында бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруын қабыл алып, Сочиге келгеніне алғысын білдірді.
Путин: ҚР мен РФ ҰҚШҰ аясында бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді
СОЧИ. 19 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде РФ басшысы Владимир Путинмен кездесу өткізуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруын қабыл алып, Сочиге келгеніне алғысын білдірді.
 

Шақыруымды қабыл алғаныңызға рақмет. Біз екеуіміз үнемі кездесіп тұрамыз. Жақында ғана жүздескен едік, бірақ біз Сочиде кездесуге келістік. Алдымызда өте ауқымды жұмыс бар. Ал биылғы жыл ерекше. Біз қазан айында дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтеміз. Осы датаға орай түрлі іс-шаралар жоспарланып отыр. Біздің министрліктер мен ведомстволар белсенді жұмыс істеп жатыр. Үкіметаралық комиссия қарқынды жұмыс істеп келеді. Сыртқы істер, қорғаныс министрліктері бірлесіп түрлі іс-шараларды, соның ішінде ҰҚШҰ аясындағы бірлескен оқу-жаттығуларды және тағы басқаларын дайындап жатыр. Тауар айналымы өсіп келеді. Былтыр 34,4 пайызға өссе, биыл бес айда 9 пайызға дерлік, 8,8 пайызға өсті. Инвестициялар екі жақтан да артып келеді. Меніңше, Ресей инвестициясы 18 миллиард долларға жетті, ал Қазақстанның Ресейге салған инвестициясы төрт жарым миллиард шамасында. Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестері арасында Ресей бірінші орында келеді. Біз сондай-ақ жақсы ірі жобаларды әзірлеп жатырмыз. Жоғары технологиялық салаларда, соның ішінде ғарыш саласында жұмыс істейміз. Жалпы, жұмыс барлық бағыттар бойынша айтарлықтай қарқынды әрі оң бағытта жүріп жатыр. Біздің кездесуіміз, әрине, біздің сенімді стратегиялық серіктестігімізді дамытуға қосымша серпін беретініне өте қуаныштымын", – деді Ресей басшысы.

 
Бұған дейін Тоқаев Путинді Қазақстанға ТМД саммитіне шақырған болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочиге (Ресей Федерациясы) келді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны