19.08.2022, 17:20 45816

Тоқаев Сочиге жұмыс сапарымен келді

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі.
СОЧИ. 19 ТАМЫЗ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) келді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Борт№1" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
 
Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі.
 
Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.
 
24 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Бакуге ресми сапармен барады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны