02.05.2026, 15:52 5536

Қазақстан мен Молдова сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Молдова сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Экономикалық даму және цифрландыру министрі Евгений Осмокескумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Елші Қазақстан басшылығы жүзеге асырып жатқан елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын одан әрі ілгерілетуге бағытталған шаралар туралы ақпарат берді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар бағытын түсіндіруге, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде, Молдова тарапы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Осы тұрғыда тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны