02.05.2026, 14:50 5671
Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Энергетика министрінің халықаралық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нассер Әл-Доссаримен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылап, көпжақты алаңдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Инвестициялық әріптестікті кеңейту, сондай-ақ тұрақты даму мен энергетикалық ресурстарды әртараптандыруға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша үйлестіру жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.05.2026, 15:52 5536
Қазақстан мен Молдова сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Экономикалық даму және цифрландыру министрі Евгений Осмокескумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші Қазақстан басшылығы жүзеге асырып жатқан елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын одан әрі ілгерілетуге бағытталған шаралар туралы ақпарат берді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар бағытын түсіндіруге, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде, Молдова тарапы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Осы тұрғыда тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2026, 13:48 5811
Бейжіңде Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды
Достарға айту
Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығында "Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) ұйымдастыруымен және ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі мен Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығының қолдауымен өтті.
Кездесу Қытайдың жетекші университеттерінің магистранттарын, докторанттарын, жас зерттеушілері мен студенттік орта өкілдерін біріктірді. Іс-шара барысында жастарды мемлекеттік өзгерістерді талқылауға тартудың, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың және отанындағы қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылықты арттырудың маңыздылығы аталып өтті.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар парламенттік жүйені дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту және мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруді қамтитын конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына арналған мазмұнды баяндамалар ұсынды.
Сонымен қатар, жастар алмасу, білім беру, ғылым және гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Пікірталас барысында іс-шараға қатысушылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың әділетті, теңгерімді және адам құндылығына бағытталған мемлекет құрудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жастар елдің қоғамдық және сараптамалық өміріне белсенді қатысуға қызығушылық білдірді.
KSAC - ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен 2012 ж. құрылған Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығы. Қауымдастық Қытайдың көптеген ірі қалаларында, оның ішінде Бейжің, Шанхай, Сиань, Гуанчжоу және т.б. қалаларда өз өкілдіктеріне ие.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2026, 23:40 5971
Махараштра штатындағы үндістандық бизнес Қазақстан нарығына қызығушылығын растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі А.Есқараев Мумбайға сапары барысында үнді және қазақстандық компаниялар басшылығымен, Махараштра штатының саяси топтарының өкілдерімен, сондай-ақ дін қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапардың басты мақсаты - сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды ілгерілету.
"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ басшылығымен кездесу барысында титан шлагын өндіруге бағытталған "IREUK Titanium Limited" Қазақстан-Үндістан жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Титан өнімдеріне деген тұрақты сұраныс пен Қазақстан мен Үндістан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, оның стратегиялық маңыздылығы аталып өтті. Елші жобаны қолдайтынын және Елшіліктің оны іске асырудың барлық кезеңдерінде, соның ішінде Үндістанның мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл құруға дайын екенін растады.
Сонымен қатар "Tata Sons Private Limited" компаниясының Президенті С.Чоударимен кездесуде инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары мен өзара іс-қимылдың басым бағыттары талқыланды. Үндістан тарапы елімізді Орталық Азиядағы негізгі серіктес ретінде қарастыра отырып, Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделілілік расталды. Қазақстанның ұзақ мерзімді өнеркәсіптік бастамаларды іске асыруға жағдай жасайтын жоғары әлеуеті аталып өтті.
Энергетика, тау-кен металлургия кешені және ауыр өнеркәсіп салаларындағы жобаларға, соның ішінде шикізатты өндіру мен өңдеуге, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және заманауи технологияларды енгізуге ерекше қызығушылық білдірілді. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, оның ішінде Екібастұз қаласында жасанды интеллект саласында озық шешімдерді қолдана отырып, дата-орталық салу мүмкіндігі талқыланды. Үнді бизнесі әуежайлар құрылысына қатысуға, сондай-ақ көлік-логистика және индустриялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Рухани-гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Діни қайраткер, "Somaiya Vidyavihar" индология орталығының президенті С. Сомайямен кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің конфессияаралық диалогтың тиімді алаңы ретіндегі маңыздылығы аталды. С.Сомайя Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесін оң бағалап, өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екенін растады.
Сапар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ іскерлік және гуманитарлық салалардағы байланыстарды кеңейтуге қосымша серпін берді. Қол жеткізілген келісімдер мен орнатылған байланыстар бірлескен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға және екіжақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге негіз болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2026, 22:39 6116
Астанада дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі "Достық таңғы асы" өтті
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев елімізде аккредиттелген дипломатиялық миссиялар басшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен жыл сайынғы "Достық таңғы асы" кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде ол Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтары мен елдегі соңғы ішкі саяси реформалар туралы айтып өтті. Қазақстан барлық серіктестерімен ынтымақтастықты одан әрі дамытуын жалғастырып, қақтығыстарды тек бейбіт жолмен - диалог арқылы және халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы негізінде шешуді қолдайтыны атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанның Түркістан қаласында бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екені расталды.
Дипломатиялық корпус дуайені, Палестина Елшісі Монтасер Абу Зейд мұндай кездесулердің өзекті халықаралық мәселелер бойынша ашық пікір алмасу және бейресми диалог жүргізу үшін маңызды екенін атап өтті.
Іс-шараға дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ, АӨСШК және Дүниежүзілік банк өкілдерін қоса алғанда, 60-тан астам өкілі қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2026, 21:36 6276
Сыртқы саяси ведомствода жастардың "қоғамдық дипломатияны" және этносаралық келісімді ілгерілетудегі рөлі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің "Ассамблея жастары" РҚБ белсенділерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған іс-шара жастарды сыртқы саяси бастамаларға тарту және этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында СІМ басшысының орынбасары жүйелі мемлекеттік жастар саясаты Мемлекет басшысының стратегиялық басымдығы болып табылатынын атап өтті.
Еліміздің қазіргі тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі - жаңа Конституцияның қабылдануы. Бұл қадам саяси жүйені терең демократияландыру мен қайта жаңғыртудың символына айнала отырып, Әділетті Қазақстанның берік іргетасын қалады. Бұл жастар үшін бірегей тарихи мүмкіндіктер мен нақты әлеуметтік cатыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деп А.Исетов атап өтті.
Жас қазақстандықтар еліміздегі және шетелдегі өз қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бастамаларын таныстырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2026, 20:35 6401
Қазақстан-Финляндия диалог орталығында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Вилле Тавиомен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында қазақ дипломаты елімізде жүргізіліп жатқан экономиканы жаңғыртуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған реформалар туралы фин тарабына жан-жақты ақпарат берді.
Тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылай отырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және іскерлік байланыстарды тереңдетуге айрықша назар аударды. Уәкілетті органдар деңгейінде де практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық бар екені атап өтілді.
Алдағы уақытта өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл отырыс практикалық өзара іс-қимылды дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға қосымша серпін беруге тиіс.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2026, 19:31 6596
Қазақстан мен Грузия СІМ-дері кадрлық және әкімшілік басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппарат басшысы Амангельді Саинов және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Адам ресурстары департаментінің директоры Медет Мақұлжанов Грузия Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Грузия тарапын Грузия Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық мәселелер және адам, әкімшілік ресурстарын басқару дирекциясының директоры Гиорги Энукидзе басқарды.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың ішкі қызметін ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде кадрлық әлеуетті дамыту және басқару үдерістерін жетілдіру жөнінде пікір алмасу өтті. Сонымен қатар қаржылық әкімшілендіруді оңтайландыру тәсілдері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әкімшілік-басқарушылық қызмет бағытында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға өзара қызығушылықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2026, 18:29 3031
Қазақстан мен Дания бизнес пен инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Копенгагенде Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшілігі (Данияда қоса атқарушы) Дания өнеркәсібі конфедерациясымен (DI) бірлесе ұйымдастырған қазақ-дат іскерлік дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыров басқарды. Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Samruk-Kazyna Invest, Kazakhstan Investment Development Fund және Kazakh Invest сияқты квазимемлекеттік құрылымдардың басшылығы кірді.
Дат тарапынан Орталық Азия елдеріндегі арнайы өкілі Ларс Туесен, сондай-ақ Carlsberg Group, ALPI Danmark, Blue Water Shipping, Topsoe, Welltec, Caspian Advisory, Citibank, ByteAll және басқаларын қоса алғанда, дат жетекші компанияларының басшылары қатысты. DI Жаһандық нарықтарды дамыту жөніндегі директоры Йенс Хольст-Нильсен модератор қызметін атқарды.
"Қазақстан ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға бағытталған, оның аясында дат технологиялар, капитал және құзыреттер қазақ нарығының ауқымымен, ресурстық базасымен және елдің өңірлік әлеуетімен табиғи түрде ұштасады. Біз дат компанияларды Қазақстанды инвестиция салу және бизнесті кеңейту үшін стратегиялық бағыт ретінде қарастыруға шақырамыз", - деп атап өтті Ә.Қуантыров.
Министрдің орынбасары Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, институционалдық базаны нығайтуға және инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған саяси және экономикалық реформалар туралы да хабардар етті.
Талқылау барысында қатысушылар дат бизнесінің Қазақстанға және жалпы Орталық Азия аймағына деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Дат бірқатар жетекші компаниялары көптеген жылдар бойы Қазақстанда табысты жұмыс істеп, жаңа инвесторлар үшін бағдар болып табылатын табыстың сенімді тарихын қалыптастырып келе жатқаны ерекше аталып өтті.
Іс-шара аясында Қазақстан шетелдік серіктестердің қатысуына ашық нақты инвестициялық жобалар мен бастамаларды ұсынды.
Сапар аясында Ә.Қуантыров жетекші дат компаниялары мен институттарының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Данияның экспорттық-инвестициялық қорының (EIFO) басшылығымен кездесуде тараптар Қазақстанда Қордың қаржы құралдарын қолдануды кеңейту перспективаларын, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдау мақсатында "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ-мен ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін қарастырды.
Carlsberg Group" Бас директоры Якоб Ааруп-Андерсенмен 344 млн АҚШ долларын құрайтын инвестиция көлемі Алматы облысында алкогольсіз сусындар өндіретін жаңа зауыт салу жобасын іске асыруды қоса алғанда, компанияның Қазақстандағы өндірістік қуаттарын дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды.
Қазақ-дат іскерлік дөңгелек үстелі Қазақстанның инвестициялық әлеуетін ілгерілету, екі елдің бизнес өкілдері арасында тікелей іскерлік байланыстар орнату және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша практикалық қадамдар жасау үшін маңызды алаңға айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.05.2026, 09:04ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
02.05.2026, 13:48 4521Бейжіңде Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды02.05.2026, 14:50 4381Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады02.05.2026, 15:52 4246Қазақстан мен Молдова сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде08.05.2026, 09:04 2626ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
10.04.2026, 23:02 727556Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 474411Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474321Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474271Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 462896Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

