18.08.2022, 16:29 51841

Тоқаев Сочи мен Бакуге барады

Сапар аясында Қазақстан мен Ресей басшыларының келіссөздері өтеді.
НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері Ресей мен Әзербайжанға сапарларын жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY БОРТ №1 Telegram-каналына сілтеме жасап.
 

19 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды", - деді Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

 
Бұдан басқа, 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.
 

Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны