17.03.2020, 21:34 2962

Парламент Мәжілісі 18 наурыздан 15 сәуірге дейін қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді

Мәжілістің барлық шаралары Палатаның ресми веб-сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісі 18 наурыздан 15 сәуірге дейін қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді. Мұндай шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты қабылданды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Парламент Мәжілісі ғимаратында парламенттік іс-шараларға қатысушылар мен келушілер, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізілді.

Мәжілістің барлық шаралары (жұмыс топтары, бейінді комитеттердің отырыстары, "үкімет сағаттары", жалпы отырыстар) Палатаның ресми www.parlam.kz веб-сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.

Сондай-ақ Мәжілістің сайтында өткен шаралар туралы қысқаша мәліметтер мен суреттер жедел түрде жарияланады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны