15.06.2017, 14:29 2573

1 Пост = 1 Ватт: Малайзия дүниежүзін күн энергиясын көбірек өндіруге шақырады

Сонымен қатар Малайзия өкілдері ЭКСПО-2017-ге қатысып жатқан жүзден астам мемлекеттерді де #MyButterflyEffect-ке қатысуға шақырды.

Астана. 15 маусым. Kazakhstan Today - Малайзияныӊ павильоны "1 Пост = 1 Ватт" кампаниясыныӊ басталғанын жариялады. Малайзия Facebook, Instagram және VK әлеуметтік желілерінде жасыл энергетика, жасыл технологиялар тақырыптарындағы #MyButterflyEffect хэштегімен жолданған әрбір хабарламаға бір ватт күн энергиясын қосуға міндеттенеді.

"Жасылөсу" тақырыбындағы 2 әсерлі жарияланым жазған Малайзия мен Қазақстан азаматтары "ЭКСПО-2017" көрмесін тамашалай алады. Сапар кезінде туындаған барлық шығындарды, онын ішінде ЭКСПО-2017-ге кіру, Астанаға келіп қайту билеттерін Малайзия жағы көтеріп алады. Малайзия азаматтары үшін сайыс 10 шілдеде, ал қазақстандықтар үшін 30 шілдеде аяқталады.

Сонымен қатар Малайзия өкілдері ЭКСПО-2017-ге қатысып жатқан жүзден астам мемлекеттерді де #MyButterflyEffect-ке қатысуға шақырды.

#MyButterflyEffect компаниясыныӊ арқасында және қарапайым #Wattif сұрағына жауап іздей отырып, біз "көбелек әсерін" іске қоса аламыз, ол өз тұрғысынан FutureEnergy-ге негізделген әлемге жетелейді.

Мәлімет үшін:

Малайзия еӊ ірі орман алқаптары бар елдердіӊ ішінде бірінші орында, ал дамып келе жатқан нарықтардыӊ арасында төртінші орында тұрғандықтан, жасыл энергетиканы дамыту бойынша көшбасшы болып саналады. Малайзия дүниежүзіндегі күн фотоэлектрлік модульдер мен ұяшықтарын өндірушілердіӊ бірі болып саналады. Дүниежүзіндегі әрбір төртінші фотоэлементтерді өндіруші Малайзияда орналасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны