16.01.2007, 15:36 3238

2006 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда есірткі қылмыстарына қатысты 1418 қылмыстық іс қозғалған

АЛМАТЫ. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда есірткі қылмыстарына қатысты 1418 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 992-і есірткі сату дерегі бойынша болса, Қырғызстаннан есірткі заттарын әкелуге жасалған 7 контрабанда дерегі анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Есірткі қылмыстарын жасады деген күдікпен 1445 адам ұсталса, оның 25-і шетелдік азаматтар. Жаңа жыл қарсаңында полицейлер Жамбыл облысының ІІД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Өтеген батыр көшесінің бойында орналасқан үйдегі пәтер иесін құрықтады. Одан 122 килограмм 520 грамм марихуана тәркіледі. Жамбылдық полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, бұл тауар сату үшін Шу алқабынан жиналған.

Сонымен қатар, өткен жылы қаланың түнгі көңіл көтеру орындарында рейдтер жүргізілген. Рейд барысында 27 азаматтан есірткі заттары табылды. Есірткі заттарын пайдаланған немесе таратқан тұлғалардың бірнеше рет ұсталу дерегіне байланысты қаладағы бір клубтың бірінің иесіне қатысты әкімшілік материалдар жиналып, ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілген болатын. Нәтижесінде түнгі клуб қызметі тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны