18.01.2008, 17:56 2762

2007 жылы Астананың қаржы полициясы қозғаған қылмыстық істер бойынша шығын 1 млрд 356 млн теңгені құраған

2007 жылы Астананың қаржы полициясы қозғаған қылмыстық істер бойынша шығын 1 млрд 356 млн теңгені құраған

Астана. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Астананың қаржы полициясының қозғаған қылмыстық істер бойынша қайтарылған шығын 1 млрд 356 млн теңгені құраған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астананың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2007 жылы 509 қылмыстық іс қозғалып, оның 468-і сотқа жіберілген. Қайтарылған шығын көлемі 1 млрд 356 млн теңгені құраған",- деді А. Кәрімов.

Оның айтуынша, департамент өткен жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы 126 іс қозғаған, олардың 125-і сотқа жіберілген. "Аталмыш статистикаға сәйкес, өткен жылы мемлекеттік қызметкерлер үш күннің бірінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен кездесіп отырған. Осы істердің барлығына дерлігі сотқа жіберілген",- деді департамент бастығы жылды жұмыс қорытындысын шығара отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны