21.01.2008, 16:34 3022

2007 жылы қазақстандық полицейлер жасаған қылмыстар саны 1,4 пайызға төмендеген

2007 жылы қазақстандық полицейлер жасаған қылмыстар саны 1,4 пайызға төмендеген

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы қазақстандық полицейлер жасаған қылмыстар саны 1,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің алқа отырысы барысында ішкі істер вице-министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан жасалған қылмыстар саны 2007 жылы 1,4 пайызға төмендеген, іс оңға басып келеді, бірақ криминалдық және әкімшілік полиция, сонымен қатар тергеу органдарының басшылары криминалдық әрекеттердің жартысы осы қызметтің үлесінде екендігін ұмытпаулары қажет",- деді Қ. Қасымов.

Ол, өткен жылы полицейлердің жасаған 358 қылмысының 136 сыбайлас жемқорлық қылмыстары екендігін атап өтті. "Бұл жерде көш басында әкімшілік полиция - 48 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, жол полициясы - 27, криминалдық полиция - 26 және тергеу органдары - 22 адам",- деп түсіндіріп өтті вице-министр.

Ол, полициядағы сыбайлас жемқорлық деректерінің жартысына жуығы "өз күштерімен анықталғандығын" атап көрсетті. "Сонымен қатар Астананың Ішкі істер департаментінде қызметкерлер тарапынан 11 сыбайлас жемқорлық қылмыстары жасалған, оның небәрі 2-ін жеке қауіпсіздік басқармасы анықтаған, Алматы Ішкі істер департаментінде 17 қылмыстың 4-ін, Оңтүстік Қазақстан облысында 15 қылмыстың 5-ін анықтаған",- деді Қ. Қасымов.

"Қазіргі уақытта жеке қауіпсіздік бөлімшелерінің жұмыстары жол берілген заң бұзушылықтар мен азаматтардың арыздары мен шағымдары бойынша қызметтік тергеу жүргізуге негізделген. Сондай-ақ біз осы жеке қауіпсіздік бөлімшелердің өздерінің іс-қызметіне бақылау қоя алмаймыз, басшылар осыған назар аудару қажет",- деп санайды вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны