28.08.2009, 18:47 2954

2009 жылы әскери қызметшілерге қатысты қозғалған сыбайлас жемқорлық істері 3 есе артты

2009 жылы әскери қызметшілерге қатысты қозғалған сыбайлас жемқорлық істері 3 есе артты

Астана. 28 тамыз. Kazakhstan Today - 2009 жылы әскери қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық істері 3 есеге артығымен қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың 27 тамызында Бас әскери прокуратураның алқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылуына прокурорлық қадағалау мәселелері қаралды.

"Парақорлықпен байланысты қылмыс жасағандары үшін қорғаныс істері департаменттерінің (бұрынғы әскери комиссариаттар) 7 қызметкері, әскери құқық қорғау органдарының 6 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 4 лауазымды тұлғасы және шекара бақылауының 2 әскери қызметшісі ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды",- делінген хабарламада.

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, қаржы қызметінің мамандары 25 млн теңгеден астам сомаға сеніп тапсырылған бюджеттік қаражатты жымқыру дерегін анықтады.

Сондай-ақ, қадағалаушы мекеменің ақпаратына сәйкес, 49 млн теңгеден астам сомаға жанар-жағар май материалдарын ұрлағаны үшін 44293 әскери бөлімінің командирі А.Кожамберлиев пен осы бөлімнің ЖЖМ қоймасының бастығы А.Монкеев бас бостандықтарынан ұзақ мерзімге айрылды.

Бұрынғы пайдаланымдағы мүліктің шарты бойынша не барынша төмен сапасы және техникалық деректері анықталды.

Осылайша, кешенді сот-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғаларының "Найза", "Семсер", және "Айбат" Израиль артиллериялық жүйесін сатып алудағы заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірген шығын 18 млрд теңгеден асты.

Бұдан басқа, қосылмалы тұлғалардың негізсіз көтерген бағасы бойынша тауарлар сатып алу және қызмет көрсету деректері анықталды.

Мәселен, Бас әскери прокуратураның мәліметінше, 2005-2007 жылдар аралығында Аэромобильдік әскерлері қолбасшысының орынбасары А.Балабанов "Клен Корпорациясы", "Орион" және "Прометей" ЖШС жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге 44 шарт және 84,1 млн теңге сомаға атыс қаруының 5660 бірлігін жаңартуға 4 шарт жасасқан. Көрсетілген шарттағы 114 атаулықтан тек қана 28 атаулық 5 есе көтерме бағамен жеткізілген.

Мәселен, аталған шартқа сай коллиматорлық көздеу құралы Аэромобильдік әскерлеріне біреуі 119 мың теңгеден жеткізілген. Ал, оның бағасы Алматы қаласындағы аңшылық дүкенінде 22 мың теңге тұрады.

Алдын-ала деректер бойынша жеткізілген оптикалық аспаптардың көтерме бағасы шамамен 2 млрд теңгені құрайды.

"Барлық тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 52-сінен (2008 жылы 18): Қорғаныс Министрлігі мекемелерінің және әскери бөлімдердің әскери қызметшілері - 32 (немесе 62%), ҚР ҰҚК Шекара қызметінің - 10 (немесе 19%), ҚР ІІМ ішкі әскерлері және әскери-тергеу органдары қызметкерлері 3 қылмыспен тіркелген, ҚР ҚК әскери полициясы мен ҚР ҰҚК органдары қызметкерлері қылмысты Израиль азаматы әскери қызметшілермен бірігіп жасаған",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны