27.04.2015, 21:41 3958

2011 жылы өткен президент сайлауымен салыстырғанда алматылықтардыӊ электоралді белсенділігі 9%-ға өсті

Бүгін Алматыда кезектен тыс президент сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ жеӊіске жетуін мерекелеген "Жеӊімпаздар форумы" атты концерт өтті

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда кезектен тыс президент сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ жеӊіске жетуін мерекелеген "Жеӊімпаздар форумы" атты концерт өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, жастар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, кандидаттыӊ Алматыдағы қоғамдық штабыныӊ мүшелері - жалпы саны 5 мыӊнан астам адам қатысты. Қала басшысы жиналғандарды Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ президент сайлауындағы ірі жеӊісімен құттықтады және дауыс беру нәтижесініӊ Қазақстан үшін маӊызды кезеӊ екенін атап өтті, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Икім Елбасыныӊ сындарлы саясаты арқасында Тәуелсіздік жылдары ауқымды өзгерістер мен түбегейлі реформалардыӊ жүзеге асқанын айтты. Алматы ірі халықаралық шаралар өтетін орынға әрі елмізідіӊ қаржы, мәдениет пен спорт, туризм орталығына айналды. Тек соӊғы бес жыл ішінде қала экономикасы екі есе өсті, қалалықтардыӊ тұрмыстық жағдайы жақсарды. Адам саны өсіп, өмір сүру жасы ұзарды.

"Бүгінгі таӊда бүкіл әлем алдында шешімін күткен істер тұрған кезде республиканы тұрақтылық пен одан әрі дамуға жетелейтін адам - Елбасыныӊ бар екенін сезіну көӊілге қуаныш ұялатады", - деді Ахметжан Есімов.

Бұлардан өзге, бұрындары өткен сайлауға қарағанда алматылықтардыӊ, соныӊ ішінде жастардыӊ электоралді белсенділігініӊ өскендігін атады. Мысалы, сайлау учаскелеріне 78% қалалық немесе 800 мыӊнан астам адам келген. Егер бұрындары өткен сайлаулармен салыстырсақ, 2005 жылы 52%, 2011 - 69% адам дауыс берген.

"Мегаполис республикада болып жатқан барлық өзгерістердіӊ алдыӊғы сапында әрі барлық қоғамдық-саяси оқиғалардыӊ орталығына айналуда. Қала тұрғындары қашанда прогрессивті және белсенді азаматтық позиция ұстанады. Ерекше атап өтетін жайт, жастар электоралды процесстерге белсене араласуда, ал бұл олардыӊ бойында кемел азаматтық позицияныӊ, еліміздіӊ болашағына деген зор сенімніӊ қалыптасқандығын көрсетеді", - деді Ахметжан Есімов.

Шара соӊы отандық эстрада жұлдыздары мен қаланыӊ жетекші ұжымдарыныӊ концертіне ұласты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны