09.01.2013, 09:06 2767

2012 жылы "Ақ бұлақ -2020" бағдарламасы бойынша 2,4 мың шақырым су құбыры жөнделді

"2012 жылы 2,4 мың шақырым су құбыры мен кәріздік желі жөнделді. Жалпы еліміз бойынша сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 53 мың км құрайды, оның ішінде қалаларда - 29,9 мың км, ауылдарда - 23,1 мың км. Желілердің жағдайына байланысты 31,8 мың км су құбыры желісін жөндеуден өткізу қажет", - деді Ғ.Оразбаев.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы Қазақстанда "Ақ бұлақ -2020" бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2,4 мың шақырым су құбыры мен кәріздік желі жөнделді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Құрылыс және ТКШ агенттігінің Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының бастығы Ғанибек Оразбаев Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

"2012 жылы 2,4 мың шақырым су құбыры мен кәріздік желі жөнделді. Жалпы еліміз бойынша сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 53 мың км құрайды, оның ішінде қалаларда - 29,9 мың км, ауылдарда - 23,1 мың км. Желілердің жағдайына байланысты 31,8 мың км су құбыры желісін жөндеуден өткізу қажет", - деді Ғ.Оразбаев.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау желісіне қолжетімділік қалаларда 84%, ауылдарда - 43%, су бұру бойынша қалаларда - 75%, ауылдарда - 9% болған.

ҚжТКША мәліметтеріне қарағанда, қалалардағы орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейі 82% құрайды, 2020 жылға қарай жүз проценттік көрсеткішке жету көзделуде. Бағдарлама шеңберінде қалалық жерлерде жүргізілетін басты шара - қолданылып жүрген сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жөндеуден өткізіп және жаңғырту арқылы ауыз судың сапасын арттыру болып табылады.

Өз кезегінде, ауылдық жерлерде қазіргі кезде 6943 елді мекен бар, олардың 2999 немесе 43% орталықтандырылыған сумен жабдықтау желісіне қосылған, 3944 ауыл тасымал суды немесе шахталық құдықтардың суын пайдаланады.

2020 жылға қарай ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау желісіне қолжетімділік 80% құрауы қажет, бұл елдегі 5554 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталатын болады деген сөз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны