04.07.2014, 20:04 2343

2013 жылдың қорытындысымен ОҚО әкімдігінің қызметі ең тиімді деп бағаланды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2010 жылдан бері жыл сайын әкімдіктер қызметінің тиімділігі 7 бағыт бойынша бағалау жүргізіліп келеді.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. 2013 жылдың қорытындысымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қызметі 78,7 баллды құрап, елімізде 1-ші орыннан көрінгендігін хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2010 жылдан бастап жыл сайын әкімдіктер қызметінің тиімділігі 7 бағыт бойынша бағалау жүргізіліп отырады.

Қызмет тиімділігін бағалау стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, актілер мен тапсырмаларды орындау, бюджет қаражатын басқару, мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару, ақпараттық технологияларды қолдану, құқықтық қамтамасыз ету бағыттары бойынша жүргізілген.

Айта кетерлігі, облыс әкімдігі соңғы екі жыл қатарынан орташа тиімділік деңгейінде орналасып келеді. 2012 жылмен салыстырғанда әкімдік қызметінің тиімділігі 6,44 баллға жоғарылап, сәйкесінше рейтингтегі орны 2 позицияға жақсарған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны