31.01.2014, 18:20 6381

2014 жылы Ақмола облысында 14 медицина мекемесін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда

Қазір де өңірде медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласы нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Бәрінен бұрын бұл жұмыстар ауылдық жерлерде қолға алынып, ондағы медициналық мекемелерді жөндеуге баса назар аударылмақ.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Ақмола облысында 14 медицина мекемесіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

"Биыл 14 медицина мекемесіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. 11 медицина мекемесін қалыпқа келтіру жұмыстары "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында жүргізілетін болады. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен 13 санитарлық автотранспорт, 14 үйге медициналық қызмет көрсету машинасы, 3 компьютерлік томография мен 13 реанимобиль алынды. 1,4 млрд теңгеден астам қаражатқа 55 медициналық, 11 техникалық құрылғы мен 50 оргтехника жаңартылды", - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Қазір де өңірде медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласы нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Бәрінен бұрын бұл жұмыстар ауылдық жерлерде қолға алынып, ондағы медициналық мекемелерді жөндеуге баса назар аударылмақ. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметін жарақтандыру, білікті кадрлармен қамтамасыз ету, халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру мақстында шаралар атқарылмақ.

Айта кету керек, өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттен денсаулық сақтау нысандарына құрылғылар алу, денсаулық сақтау нысандарына ағымдағы және күрделі жөндеу өткізу, медициналық құрылғылар алу мақсатында 1,91 млрд теңге бөлінген еді. Осылайша бюджет есебінен 33 нысан жөнделген еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны