12.03.2014, 20:49 3220

2014 жылы ғылымға бөлінетін қаражат ЖІӨ-нің 3%-ына дейін көбейеді - Ж.Иділов

2014 жылы ғылымға бөлінетін қаражат ЖІӨ-нің 3%-ына дейін көбейеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Иділов мәлімдеді.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. 2014 жылы ғылымға бөлінетін қаражат ЖІӨ-нің 3%-ына дейін көбейеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Иділов мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы геологиялық барлау саласында алдыңғы қатарлы елдермен теңесу туралы тапсырма берді. Ендігі бесжылдықтың міндеттемесі - жаңа бағыттарды дамыту, атап айтар болсақ, нанотехнология мен ғарыш технологиясында, атом қуатында және баламалы қуат көздерін ашуда жетістікке жету", - деді ректор.

Оның айтуынша, ғылыми негізделмеген экономиканы құрмайынша, біз Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену жолында негіз қалыптастыра алмаймыз.

"Ғылымға бөлінетін қаражат ЖІӨ-нің 3%-ына дейін артады. Өткен жылдың мәліметтеріне қарайтын болсақ, былтыр 49 млрд теңге бөлінген. Бұл ЖІӨ-гің 0,26% -ы. Ірі қаржылық ресурстар бөлініп, бұл қазақстандық ғылымның дамуына серпін бермек", - дейді Ж.Иділов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жаңа заңдар қабылданып, кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі керек.

"Бұл тұрғыда парламентария осы жүкті мойындарына алады. Инновациялық экономиканы енгізуде заңнамалық негіз қалыптастыру үшін комитеттердің бірнеше отырысы өтті", - дейді ректор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны