20.02.2014, 18:59 9678

2014 жылы Қазақстанда 45 заң жобасын жасақтау жоспарланған - Иділет министрлігі

2014 жылы ҚР-да 45 заң жобасын жасақтау жоспарланған. Бұл туралы ҚР Иділет министрлігінде өткен кеңейтілген отырыста ведомство басшасы Берік Имашев хабарлады.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылы ҚР-да 45 заң жобасын жасақтау жоспарланған. Бұл туралы ҚР Иділет министрлігінде өткен кеңейтілген отырыста ведомство басшасы Берік Имашев хабарлады.

"Үкімет 2013 жылы 31 желтоқсанда 2014 жылдың заң жобалары жұмыс жоспарын бекітті. Онда 45 заңжобасын жасақтау қарастырылған. Осы ретте, министрлікте 5 жаңа заңды жасақтау көзделуде. Олар кәсіпкерлік көдексі және оған сәйкес заң жобасы. Сонымен қатар, құқықтық актілер мен бағалау қызметі бойынша заң жобасы", - деді Б. Имашев.

Оның айтуынша, Үкіметтің заң жобасы жұмысына 2013 жылы 39 заң жобасы кірді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 15%-ға артық.

"Сонымен, Парламенттің қарауына 4 кодекске - қылмыстық, қылмыстық-процессуалды, қылмыстық-атқарушылық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өзгертулерді енгізу жіберілді", деді Б. Имашев.

Жалпы, оның айтуынша, 2013 жылдың жоспары толығымен орындалды. Бұған Үкіметпен Пармаленттің сындарлы тәртіп бойынша жұмысының арқасында қол жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны