26.03.2015, 15:26 3796

2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыӊ күнтізбелік жоспарына сәйкес наурызда Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заӊыныӊ 59-бабы 7-тармағыныӊ 3) тармақшасына сәйкес тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды табыс етпеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Лимана Қойшиеваны, Қанат Сбашұлы Турагелдиевті, Жарылқап Сейдләұлы Қалыбай мен Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметті Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулылар қабылдады

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заӊыныӊ 59-бабы 7-тармағыныӊ 3) тармақшасына сәйкес тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды табыс етпеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Лимана Қойшиеваны, Қанат Сбашұлы Турагелдиевті, Жарылқап Сейдләұлы Қалыбай мен Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметті Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулылар қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде:

1. Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевты
2. Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты
3. Ибілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты тіркеді.

26 наурыздан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісуге құқылы.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидаттардыӊ республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарыныӊ мөлшерлерін белгілеу туралы қаулы қабылдады.

Сайлау заӊнамасына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Ирбiр кандидаттыӊ теледидардан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.

БАҚ-та сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін кандидаттарға бөлінетін сомалардыӊ есебі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрілігініӊ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті ұсынған қолданыстағы бағаларға сәйкес жүргізілді.

Теледидардан он бес минуттық сөз сөйлеуіне кандидаттарға 5 250 000 теӊге сомасында қаражат бөлінеді. Радиодан өз бағдарламасымен он минуттық сөз сөйлеуіне әрбір канидатқа 200 000 теӊге бөлінеді. Баспа басылымдарында екі мақала жариялауына әрбір кандидатқа 810 000 теӊге бөлінеді.

Сонымен қатар кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға 200 000 теӊге сомасында, үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға 250 000 теӊге сомасында қаражат бөлінеді. Тіркелген әрбір кандидаттыӊ көліктік шығыстарына тағы 300 000 теӊгеден бөлінеді.

Сондай-ақ Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынымы бойынша 25 наурызда тағы 9 халықаралық байқаушыны тіркеді. Олардыӊ 5-еуі ТМД-дан байқаушылар Миссиясыныӊ өкілі (екеуі Беларусь Республикасынан және үшеуі Тәжікстан Республикасынан), 4-еуі - шет мемлекеттердіӊ өкілі (Канада, Литва, Финляндия мен Чехия Республикаларынан бір-бірден).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны