24.04.2014, 20:30 20203

2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы 30 мектепке енгізіледі - К. Шамшидинова

2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы 30 мектепке енгізіледі.Бұл туралы Астанада ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру мәселелері талқыланған отырыста "Назарбаев Зияткерлік мектептер" дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова әңгімелеп берді.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan today. 2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесінің пилоттық жобасы 30 мектепке енгізіледі.Бұл туралы Астанада ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру мәселелері талқыланған отырыста "Назарбаев Зияткерлік мектептер" дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова әңгімелеп берді.

"12 жылдық білім беру жүйесі тек халықаралық талаптарға ғана емес баланың физиологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасақталған. Маманның айтуынша, 2015 жылдың қыркүйек айынан 12 жылдық білім беру пилоттық жобасы еліміздің 30 мектебіне енгізіледі. Илемнің бірқатар елдерінде жоғары білім саласы экономикаға табыс әкелетін салалардың бірі. Осы ретте АҚШ пен Жапонияны айтсақ болады. Бұл елдерге жан-жақтан білім алуға адамдар ағылады. Осы тұрғыда алып қарайтын болсақ Қазақстанның білім беру жүйесі дамыған мемлекеттерге жақын" - деп сөз басында басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова ағынан жарылды.

Сонымен қатар, педагог мемлекетіміздің білім саласындағы кемшіліктерді де тілге тиек етті. Оның айтуынша, қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі ол дайын ақпаратты баланың аузына салып береді, алайда оны оқушының қаншалықты игергенін немесе оны қайдан іздеу керек екеніне бас ауыртпаймыз. Оның үстіне балалар алған білімін алдағы уақытта қалай пайдалануға болатынына үйретілмейді екен.

"Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі білім беру жүйесі бойынша оқушы ұстазға тәуелді. Ал, жаңа білім беру стандартына сәйкес, осы олқылықтың орнын толтыруға тырысамыз. Балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйретіледі. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға машықтандырылады", - деді Күләш Шамшидинова.

Сала маманының мәліметі бойынша жалпыға ортақ стандартқа сәйкес бірқатар пәндер біріктіріледі. Мысалы сурет, технология сынды пәндер "өнер" пәні болып бір пәнге біріктіріледі.

"Жаңа білім беру стандарты ол барлық деңгейдегі мектептердің бірдей енгізіліледі. Яғни ауылдық немесе қалалық мектептер деп таңдалмайды. Баса айтып өтетін жайт, жоба қосымша қаржыны қажет етпейді", -деді сөз соңында Күләш Шамшидинова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны