09.04.2015, 17:37 4268

2015 жылы Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері мен тыл еӊбеккерлеріне 5,8 млрд. теӊге көлемінде бір реттік материалдық көмек беріледі

Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "ҰОС-ғы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған іс-шаралар туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "ҰОС-ғы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған іс-шаралар туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Светлана Жақыпова 2015 жылы Ұлы Отан соғысына (ҰОС) қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теӊестірілген тұлғаларға, тыл еӊбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске үлес қосқан ҚР өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек беруге республикалық бюджетте 5,8 млрд. теӊге қарастырылғанын айтты.

Нақты айтқанда, бір реттік материалдық көмек келесі ретте қарастырылған:
- ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге - 100 мыӊ теӊге;
- ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге теӊестірілген тұлғаларға, Жеӊіске үлес қосқан азаматтарға - 70 мыӊ теӊге;
- ҰОС кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердіӊ жұбайларына, ата-аналарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистер мен олардыӊ одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және өзге де мәжбүрлеп ұстау орындарында кәмелеттік жасқа дейін тұтқында болғандарға - 30 мыӊ теӊге;
- тыл еӊбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысыныӊ қайтыс болған мүгедектерініӊ жұбайларына, Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске қосқан үлесі үшін оларға теӊестірілген тұлғаларға - 25 мыӊ теӊге:

ҚР Үкіметініӊ 2014 жылғы 16 қазандағы №1105 Қаулысына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасында Жеӊістіӊ 70 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында 50-ден астам іс-шара қарастырылған, оныӊ ішінде:

- соғыс ардагерлерін "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске 70 жыл" мерейтойлық медалімен марапаттау;
- соғыс ардагерлерініӊ "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына 70 жыл" мерейтойлық медальдармен марапаттау. Ұлттық банкпен 207923 мерейтойлық медальдар және олардыӊ қораптары дайындалып, жергілікті атқарушы органдарға жіберілді;
- Астана қаласында Жеӊісті атап өтуге арналған іс-шараларға 270 соғыс ардагерлері және оларды еріп жүретін 80 адамныӊ қатысуы. Мәскеу қаласында Қызыл алаӊда өтетін әскери парадқа 6 соғыс ардагері және 6 еріп жүретін адамдар қатысады. Астана мен Мәскеу қалаларындағы Жеӊісті атап өтуге арналған іс-шараларға ардагерлердіӊ қатысуына республикалық бюджеттен 2015 жылы 61 млн. теӊге бөлінді;
- бұған дейін баспана алмаған соғысқа қатысқандар мен мүгедектерді баспанамен қамтамасыз ету;
- соғысқа қатысқандар мен мүгедектерге тұрмыста көмек көрсету және үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыратын "Ардағым ардагерім" акциясын өткізу;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдаудыӊ қосымша түрлері (Қазақстан Республикасы аумағында және ТМД елдеріне темір жол және (немесе) әуе көлігімен бір рет тегін барып-қайту; ҰОС қатысқандар мен мүгедектеріне дауажай-шипажайда емделуді ұсыну; тісті протездеу (метал керамзит және құнды металдардан жасалатын тісті протездеуді қоспағанда), газеттер мен журналдарға жазу, моншалар мен шаштараздардыӊ, әлеуметтік таксилердіӊ және т.б. қызметтерін ұсыну) бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Сондай-ақ, салтанатты жиындар, концерттер, кездесулер, кітаптардыӊ тұсаукесерлері, фото және кітап көрмелері, спектакльдер, студенттер мен оқу орындары оқушыларыныӊ, жастар ұйымдарыныӊ қатысуымен мерекелік шерулер өткізу жоспарлануда.

2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 4715 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 193015 - ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер; 245 - "Қоршаудағы Ленинград тұрғындары"; 616 -кәмелетке толмаған концлагерьде қамауда, гетто және басқа да мәжбүрлі орындарда болғандар; 172 - ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлердіӊ әйелдері, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандар (ес-түссіз жоғалып кеткендер), қайта үйленбегендер; 10808 - қайтыс болған мүгедектердіӊ әйелдері.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны